Сайт находится в стадии разработки

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты

Ғылыми практика

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында жас ғалымдардың, магистранттар мен PHD докторанттарын ғылыми-зерттеу тәжірибесін ұйымдастыру және тағлымдамадан өту жұмыстарын үйлестіру
іс-шараларының тұжырымдамасы

  • Тіл білімі саласындағы іргелі теориялық-әдістемелік зерттеулер жүргізуге білім, дағды, біліктілік қалыптастыру, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мобильділік пен кәсіби біліктілікті нығайту мақсатында бірнеше ғылымдармен (логика, философия, мәдениеттану, психология, әлеуметтану, т.б) сабақтастыра зерттеу тәсілдерін қалыптастыру, жетілдіру, ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.
  • Жоба, ғылыми жұмыс есебі, реферат, мақала сияқты ғылыми зерттеу жұмыстары нәтижесінің формасын әзірлеудің әдіс-тәсілдерін меңгерту, өзектілігі мен алынған қорытындысын нақтылауға дағдыландыру жұмыстары көзделеді.
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарының аннотациясын жазуға, баспасөзге жарияланатын ғылыми мақалалардың стилі мен ғылыми-танымдық журналдарға жарияланатын мақалалардың ғылыми стилін үйретуге, машықтандыруға бағыттайды.
  • Диссертация жазу құрылымы мен автореферат дайындау әдіс-тәсілдерін меңгертеді.
  • Ғалымдардың пайымдаулары мен болжамдарын, нақты дәйектелгенанықтамалары мен мысалмен дәлелденген теорияларын ажыратып, өздігінше баға беруге, одан жеке тұжырым жасауға бейімдейді.
  •  Қазіргі қазақ тіл біліміндегі өзекті ғылыми мәселелерді, тілдің қоғам үшін маңызды қолданбалы аспектілерін тануға, оны терең зерттеп, одан әрі дамытуға бағыттайды.
  • Тәжірибеден өтетін тәлімгерлерге ғылыми бағыттың ұғымдық-ғылыми аппаратын, қазақ лингвистикасының  метатілін меңгертеді.
  • Тіл біліміндегі ғылыми-зерттеу бағыттардың, әдістанымдық, әдіснамалық зерттеу жолдарының тарихи иерархиясымен таныстырады.