Сайт находится в стадии разработки

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты

Фонетика бөлімі

БӨЛІМ АЙНАЛЫСАТЫН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

  • қазақ тілінің тарихи фонетикасы (вокализм мен консонантизм жүйесі);
  • қазақ тілі фонологиялық және морфонологиялық жүйелерінің диахрондық аспектісі;
  • фонема теориясының қазақ тіліндегі көрінісі;
  • фонема айырым белгілерінің тарихи өзгерістері және эволюциясы;
  • қазақ тілінің фонетика-фонологиялық қоры;
  • вокализм мен консонантизм жүйелерінің жіктеу принциптері;
  • интонологияның негізгі мәселелері мен қағидалары;
  • қазақ тілінің просодикалық қоры;
  • интонация бірліктерінің прагмалингвистикалық сипаты;
  • сингармониялық теориясының негізгі ұстанымдары;
  • қазақ тілінің сөйлеу тілі фонетикасы;
  • сөйлеу тілінің акустикалық және физиологиялық ерекшеліктері;
  • артикуляторық, акустикалық және перцептивтік фонетиканың модельдері;
  • сөз синтездеудің теориялық негіздері және практикалық қолданысы;
  • буын теориясы;
  • морфема мен сөздің фонологиялық ерекшеліктері.

БӨЛІМ ТУРАЛЫ АҚПАР

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында (1961) Тіл білімі институтында экспериментті фонетика лабораториясы құрылып, оның алғашқы меңгерушісі Ж.Аралбаевболған. Сөйлеу тілін зерттейтін жаңа аспаптармен (осциллограф, спектограф, интонограф т.б.) қамтамасыз еткен лаборатория бүкіл Орта Азия мен Сібірде танымал болды. Сол региондардан біраз аспиранттар мен ізденушілер өздерінің экспериментті жұмыстарын осы лабораторияда жүргізіп, кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғады. Қазақ тілі фонетикасының кейбір талас тудыратын теориялық мәселелері экспериментті түрде дәлелденді.
60-80 жылдарда қазақ тілінің фонетикалық жүйесі І.Кеңесбаев пен Ж.Аралбаевтардың еңбектерінде біраз зерттелген. Бұл ғалымдар фонетика мәселелерін талдаумен байланысты қазақ тілінің сөйлеу және жазу нормаларына көңіл аударған.
І.Кеңесбаев қазақ фонетикасының негізгі проблемаларын, яғни фонемалардың құрамы мен жіктелуі, буынның жасалуы мен алмасуы, дыбыстардың үндесуі, сингармонизм, акцентуация мәселелерін сөз еткен (Қазіргі қазақ тілі, Алматы, 1962.). Фонема теориясына келгенде І.Кеңесбаев дәстүрлі фонология мектебінің принциптерін ұстанады. «Сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажыратуға себі бар тілдегі ең кішкене дыбыстық единицаны фонема деп атаймыз» дейді ғалым.  Екпін категориясы сөз болғанда, І.Кеңесбаев оның үш түрін көрсете келіп: лебізді (динамикалық), үнді (тоникалық), квантитатив, яғни қазақ және басқа түркі тілдерінде лебізді екпіннің үстіне квантитатив екпін қосылады дейді. Қазақ тілінде сөз екпінінен басқа фразалық (ритмикалық) екпін де болады, себебі «сөйлем ішіндегі сөздердің бәрі бірдей үнемі дербес екпінге ие болуы шарт емес». Сондай-ақ ғалым тұңғыш рет қазақ тілінің фонетикалық транскрипциясын да жасаған. Ж.Аралбаев қазақ тілі фонетикасының кейбір өзекті мәселелерін зерттеп кеткен ғалым: фонемалар құрамы және олардың айтылу ерекшеліктері, сингармонизм заңдылығы, буын жігі және кейбір просодикалық мәселелері (Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер, Алматы, 1988.). Ж.Аралбаев қазақ тілінің фонема теориясының дамуына үлес қосқан. Оның мәні мен жаңалығы, біріншіден, фонемалар бір-біріне қарсы қойылып айқындалады, екіншіден, олар тек өзінің комбинаторлық не позициялық варианттарында көрініс табады деп ғалым нақты мысалдармен дәлеледейді. Ғалым фонетиканың тарихи мәселелеріне де назар аударған, «қазақ тілінің көне заңдарын, тарихын жақсы білмейінше, оның қазіргі заңдарын, дамуын жақсы білуге болмайды» деп қазақ тіліне байланысты ламбдаизм, ротацизм құбылыстарын және дыбыстарының ілгерілеу процестері жайында сөз қозғаған. Сондай-ақ Ж.Аралбаев ритмикалық және ой екпіні, фразалық мелодика, интонацияның семантика-синтаксистік функциялары жөнінде де құнды пікірлер айтып кеткен.
Бұл ғалымдардың тұсында қазақ тілінің дыбыс құрылысын өмірдің сұранысына сәйкес экспериментті түрде зерттеу қажеттілігі туындады. Сол уақытта бөлім қызметкерлері эксперименттік жұмыстарды жүргізіп, кандидаттық диссертацияларын қорғап шыққан (Ә.Жүнісбеков, С.Татубаев, Н.Түркпенбаев, М.Райымбекова, А.Қошқаров, С.Кеңесбаева, З.Базарбаева). 1986 жылы эксперименттік фонетика лабораторияның аясында фонетика бөлімі ашылып, Ә.Жүнісбеков бөлім меңгерушісі болып тағайындалды. 2001 жылдан бері З.Базарбаева бөлім меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
90-шы жылдардан бастап, Қазақстан егемендік алғаннан бері қазақ тілінің фонетикалық жүйесі үндестік заңы(сингармонизм) тұрғысынан қарастырыла бастады. Бөлім қызметкерлері экспериментті жұмыстармен қатар теориялық проблемалармен де шұғылданатын болды. Сингармониялық бағытты қолға алып, оның ұғымдары мен терминологиясын жасап, теория деңгейіне көтерген Ә.Жүнісбеков болатын. Аталған бағыттың ұстанған өзіндік принциптері бар: сингармонизм теориясы бойынша фонема мен екпін есепке алынбайды. Сингармонизмнің ең кіші функциональды бірлігі сингема деп танылады және ол төрт түрлі сингармониялық тембрмен сипатталады: езу жуан, езу жіңішке, ерін жуан, ерін жіңішке. Бұл бағыт бойынша қазақ фонологиясын үндесім фонология деп біледі. Сонымен қазақ тіліндегі үндесім дыбыстардың құрамы анықталып, жүйе ретінде берілген: барлық дыбыстардың жасалым, айтылым және естілім белгілері анықталған (А.Жүнісбек Қазақ фонетикасы, Алматы, 2009, 17 б.т.; Введение в сингармоническую фонетику, Алматы, 2008, 108 б.). Ғалымның айналысатын проблемалары: Жалпы, түркі және қазақ тілтанымындағы сөзқұрауыш (просодика слова) мәселесі.Тілдердің айырым белгілері олардың жіктеліміне негіз болып қана қоймай, кейбір пікір-талас тудырып жүрген мәселелерді шешуге де септігін тигізеді. Бұл ең бастысы қазақ тілтанымында орнығып қалған «европацентристік» ұстанымдардан арылуға мүмкіндік береді. Сөздік екпін акцент тілдерді жіктеудің айырым белгісі болғандықтан, ол тек бір тілдің ғана, яғни орыс тілінің құрылымына ғана тән болғандықтан, сөздік екпінді, мысалы, қазақ не қытай тілінің құрылымынан іздемеу керек. Әуен немесе тон тілдерді жіктеудің айырым белгісі болғандықтан, ол тек бір тілдің ғана, яғни қытай тілінің құрылымына ғана тән. Ендеше тонды, мысалы, қазақ не орыс тілінің құрылымынан іздемеу керек. Үндесім немесе сингармонизм тілдерді жіктеудің айырым белгісі болғандықтан, ол тек бір тілдің ғана, яғни қазақ тілінің құрылымына ғана тән. Ендеше сингармонизмді, мысалы, қытай не орыс тілінің құрылымынан іздемеу керек.
Олай болса: сөздік екпін бар жерде тон мен сингармонизм болмайды; тон бар жерде сөздік екпін мен сингармонизм болмайды; сингармонизм бар жерде сөздік екпін мен тон болмайды.
Қазақ тіліндегі сингармонизм (үндесім түрленім). Теориялық тілтаным (фонетика) мен қолданбалы лингвистика (оның ішінде әдістеме де бар) үшін әліпби дыбыстардың санымен шектелу жеткіліксіз болып отыр. Себебі дыбыстардың әліпби тізбегі тілдегі ақиқат дыбыстардың бір тобын ғана қамтиды. Мысалы, қазақ тілінде Т, С (әліпби атауы – ты, сы) дауыссыз дыбыстары бар. Ал осы дыбыстар тек тыс сөзінің құрамында ғана кездеседі де, дәл сол Ты, Сы айтылым үлгілері тіс, тұс, түс сөздерінің құрамында кездеспейді. Өйткені, Ті, Тұ, Тү, Сі, Сұ, Сү дыбыстарының жасалымы да (артикуляциясы), естілімі де (перцепциясы) басқа екені эксперимент арқылы анықталып отыр. Ендеше, теориялық фонетика дыбыс түрленімінің мүмкін болған үлгілерін түгел анықтауға тиіс, онсыз ғылыми нәтиже толық болмайды; бұны қолданбалы лингвистика қолғанат қондырғылар құрастырғанда ескерілуі керек, онсыз ақпарат (байланыс) желісінде ақау болады; әдістеме өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйреткенде пайдалану керек, онсыз акцент жойылмайды.
Қазақ тілінде (түркі тілдерінде) үнді-еуропа тілдеріне тән фонема жоқ. Ендеше сол тілдерге тән аллофон да жоқ. Себебі үнді-еуропа тілдері екпінді (акцентті) тілдер, ал қазақ (түркі) тілі үндесім (сингармониялық) тіл. Түркі (қазақ) тілдерінің үнді-еуропа тілдерінің ізімен талданып жүргендігі бұған дейінгі тілтанымдағы европа-өзімшіл(европацентристік) ұстанымның басымдылығынан болып отыр. Өкінішке орай, қазақ (түркі) фонетистері әзірге европацентризмнен арыла алмай келеді. Қазақ тілі үндесім (сингармониялық) тіл болғандықтан, оның дыбыс құрамына тән ұғымдар мен атаулардың өз ерекшелігі болады. Қазақ сөзінің мағынасын түрлендіретін ең кішкене дыбыс бөлшегі үндесім дыбыс болғандықтан, оны үндесім фонема немесе сингармофонема деп атауға тура келеді. Осыған орай, үндесім фонеманың варианттары үндесім аллофоннемесе аллосингармофонема деп аталады. Тағы да еуропацентризмге ұрынбас үшін үндесім фонема (үндесім аллофон) немесе сингармофонема (аллосингармофонема)атауларының орнына ықшам әрі сингармонизмнен туындайтын сингема және аллосингема атауларын енгізген жөн болады.
Қазақ тілінің артикуляциялық базасы (моделі) құрамындағы артикуляциялық үлгілер. Қазақ тілінің жасалым негізіне «Қазақ тілі дыбыстарын жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері мен олардың қозғалысының жиынтығы» деген анықтама берілген. Ендеше қазақ тілі дыбыстарының жасалымына қатысатын сөйлеу мүшелері мен олардың қозғалысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Қазақ тілінің төл дыбыс құрамын дәл анықтап, оның жүйесін (айырым белгілерін) дұрыс сипаттап шығу үшін ең алдымен қазақ тілінің жасалым негізін анықтап алу қажеттілігі туындайды. Олай болмаған жағдайда қазақ тілінің дыбыс құрамы дәл анықталмайды, дыбыс жүйесі дұрыс сипатталмайды. Өкінішке орай, ондай жаңсақтықтар қазіргі қазақ фонетикасында баршылық. Жаңсақтықтардан арылудың жолы тек қазақ тілінің жасалым негізіне сүйенгенде ғана табылады.
Қазақ тіліндегі буын және морфеманың дыбыс құрамы мен желісі (линейная величина). Адамзат тілінің әлеуметтік (лингвистикалық) жағымен бірге, оның физиологиялық жағы да бар. Буын адамзат тілінің құрамды бөлшегі болғандықтан, оны екі жағынан да талдауға болады. Жоғарыда айтылғандай, лингвистикалық пайымдаулар буын табиғатының шешімін таба алмай отырғандықтан, буын табиғатын физиологиялық жолмен іздеу қажеттілігі туындайды. Өйткені тіл физиологиясы дегеніміз тіл артикуляциясы болғандықтан, буын тіл артикуляциясының туындысы болып табылады. Бұл – барлық тілдерге тән ортақ пайымдау, басқаша айтқанда, буын барлық тілдерге тән физиологиялық бірлік. Бірақ дыбыстардың буынға кірігу тәсілі барлық тілдерге ортақ болмайды. Себебі әр тілдің немесе туыстас тілдер тобының өзіне тән бірегей буын құрауыш (просодика слога) амалы бар.
Сөйлеу үстінде (сөз құрамында) өзара кірігіп, бір тұтас болып айтылатын (жасалатын) дыбыс тіркесін  (немесе дербес дауыстыны) буын дейміз. Буын тілдегі әрі қарай бөлшектенбейтін ең кіші жасалым (артикуляциялық) бірлік болып табылады. Қазақ (түркі) тілінде буыннан кіші морфема болуы мүмкін емес, ендеше қазақ грамматикаларында ескеріліп жүрген дауыссыз морфемалар жалған нәтиже болып табылады.
Қазіргі таңда қазақ тілінің дыбыс жүйесі екі теориялық бағыттың  принциптері бойынша зерттеліп келеді. Бірінші бағыт дәстүрлі фонологиялық теория негізінде қалыптасқан (І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев). Екінші – сингармониялық теориянегізінде қалыптасқан (А.Жүнісбеков, Ж.Абуов). Дәстүрлі теорияны ұстанатын ғалымдар фонема – тілдегі шағын, сөз мағынасын ажырататын функциональды бірлік деп есептейді. Ал сингармониялық теория бойынша, фонеманың қызметін сингема деген просодикалық бірлік орындайды.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі тек сегментті фонетиканың аясында емес суперсегментті фонетика тұрғысынан да зерттеліп жатыр. Себебі тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінен, сөздердің дыбыстарынан ғана тұрмайды, ол тілдің күрделі суперсегментті деңгейін, яғни сөйлемдердің, мәтіннің жалпы интонациялық сипатын да қамтиды.  Суперсегментті фонетикадегеніміз сөйлеу тілінің интонациялық жүйесін, оның қызметін, бірліктерін, компоненттерін (әуен, қарқын, интенсивтілік, ырғақ, екпін, ұзақтылық, дауыс реңкі т.б.) тіл білімінің басқа салаларымен (синтаксис, семантика) байланысты қарастырады. Осы орайда ғалым З.Базарбаеваның бастамасыменинтонология өз алдына жеке білім саласы ретінде қалыптасып (З.Базарбаева «Қазақ тілінің интонациялық жүйесі», Алматы, 1996, 11б.т.; «Қазақ тілі: интонология, фонология», Алматы, 2008, 20 б.т.), бөлімнің  жас ғылыми қызметкерлері кандидаттық диссертациялар қорғап шықты (А.Фазылжанова, А.Аманбаева). Сондай-ақ сегментті бөлшектерді – фонемаларды фонология зерттейтін болса, сингемаларды – сингармонология, ал суперсегментті бөлшектерді – интонемаларды – интонология зерттейді.
Интонологияның өзіне тән зерттеу объектісі мен әдістері бар. Тіл жүйесінде дербес бір құбылыс ретінде интонацияның өзіндік мағынаға ие болатын бірліктері бар, олар интонема деп аталады. Қай тілде де интонемалардың саны белгілі бір мөлшерден аспайды. Сегментті бөлшектерді – фонемаларды фонология зерттейтін болса, сингемаларды – сингармонология, ал суперсегментті бөлшектерді – интонемаларды – интонология зерттейді.
Қазіргі уақытта қазақ тілінің интонемалары және олардың варианттары анықталып, экспериментті түрде сипатталған. Сөйлемнің барлық түрлерінде де интонеманың өзіндік орны, атқаратын қызметі анықталды. Қазақ тіліндегі анықталған интонемалар тұңғыш рет сөйлемді ажырататын ең кіші функциялық бірлік ретінде қарастырылды. Сөйлемнің қай – қайсысы да интонемасыз сомдала алмайды, олардың әрқайсысының өзіне тән интонациясы бар. Сөйлемнің сомдалып, аяқталып, коммуникативтік функцияға ие болып тұруы үшін интонеманың мәні ерекше. Қай тілде де сөйлеушінің жадында сол тілдің негізгі интонемалары сақталады және бұл интонемалар сөйлесудің эталоны болып табылады. Интонемалар фонемалар сияқты өзінің просодикалық өлшемдерімен және ерекшеліктерімен варианттарында көрініс табады. Ал ол варианттардың қайсысын қолдану-қолданбау сөйлеушінің мақсаты мен еркіне байланысты. Интонеманың да фонема сияқты дифференциялау қасиеті болғандықтан, негізгі қызметі сөйлемдерді ажырату болып табылады.
Күрделі мәтіндердегі интонацияның компоненттері экспериментті зерттеу арқылы айқындалды. Әуен, қарқын, ұзақтылық, пауза, интенсивтілік, тембр интонацияның негізгі компоненттері болып табылады. Сөйлеу тілінде интонацияның аталған компоненттері бірімен-бірі тығыз байланысты болады. Бірақ олар сөйлемнің барлық түрлерінде әр уақытта бәрі бірдей орын алады және бәрі бірдей тыңдаушыға анық естіледі деп айту қиын. Олар өзара түрлі қарым – қатынасқа түсіп, сөйлемнің әр алуан түрлерін түзуші, оларды бір-бірінен ажыратушы қызмет атқарады. Интонацияның компоненттері  тілдердің бәрінде қолданылатын универсалды просодикалық тәсіл болып табылады. Барлық тілдердегі синтагмалар арасындағы мағыналық қарым-қатынасты білдірудің универсалды әдісі болып, просодикалық тәсілдердің әуені, қарқыны, паузасы саналады. Мысалы, синтагманың соңғы сөзіне түсетін тонның бәсеңдеуі, тиянақты әуені барлық тілдерде сөздің аяқталуының белгісі болып табылады, ал фразаның соңындағы тонның көтерілуі аяқталмағандықты, тиянақсыздықты білдіреді. Барлық тілдерде қарқынның баяу, байсалды болуы информацияның маңыздылығынан хабар береді, ал қарқынның жылдам, тез болуы оның маңызы, мәнінің шамалы екенін білдіреді. Әр тілдегі просодикалық тәсілдердің көрінісі сол тілдің интонациясының жалпы ерекшелігіне байланысты болатыны анық. Мысалы, орыс тілі интонациясының әуеніне әсер ететін, оның ерекшелігін түзетін осы тілдегі сөз екпіні екені белгілі. Орыс тілінің бұл әмбеорынды жылжымалы сөз екпінінің сөздердің морфологиялық формаларын ажыратуда ғана емес, олардың негізгі мазмұнын анықтаудағы мәнін айтуға болады. Ал қазақ тілін алатын болсақ, мұнда әр сөзге түсетін екпін жоқ екені белгілі. Қазақ тілінде, француз тіліндегі сияқты синтагманың соңғы сөзіне түсетін синтагмалық екпін бар екені экспериментті түрде дәлелденген.
Интонацияның қызметіне қатысты неше түрлі пікірлер мен таптастыруларды кездестіруге болады. Бұларда әркім әр түрлі өзгешеліктер мен қасиеттерді негізге алады.Интонацияның негізгі бес функциясын атауға болады: 1) сөйлемнің жалпы коммуникативтік түрлерін анықтау, 2) жеке коммуникативтік типтерін ажырату, 3) мазмұнның өзгешеліктерін ажырату, 4) сөйлемдерді, синтагмаларды мәтінде бір-бірінен айырып, бөліп алу және қосу, 5) әр түрлі эмоцияларды дифференциялау. Өзара тығыз байланысты болып келетін интонацияның функцияларын ешқашан бір-бірінен ажыратып, бөлек қарауға болмайды. Сөйлеушінің алдына қойған мақсаттарына қарай, сөйлемдегі интонация функциясының қолданылуы да түрленіп тұрады. Ол кейде жай хабарлы коммуникативті мағынаны білдірсе, кейде хабарға үстеме эмоциональды мағынаны, ал кейде фактылар туралы айтылған ойлардың мағыналық ақиқаттығының бір-бірімен сәйкестігін, тағы да басқа сезімге, түйсікке байланысты факторларын айқындап тұрады. Интонацияны сөйлемдердің түрлерін түзуде олардың синтагмаларын ажыратып, сөз тізбектерін синтаксистік қызметі мен мазмұнына қарай топтастырып түсінікті ететін, түйіндеп айтқанда, сөйлемдерді адам қоғамының қатынас құралына айналдырып, адамдардың бір-бірімен түсінісуін қамтамасыз ететін негізгі құралдардың бірі деп санауға болады.  Сонымен қазақ тілінің интонациялық жүйесі алғашқы рет егжей-тегжейлі зерттелуінің арқасында оның қортындылары ғылыми айналымға түсіп, интонациялық деңгейдің тілдегі орны, рөлі мен маңызы анықталып, интонология қазақ тіл білімінде, түркітануда тұңғыш рет жаңа сала ретінде танылды.
Бөлім қызметкерлері «Ұлттық және мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің қызметі мен дамуының ғылыми негіздерін зерттеу» атты іргелі зерттеу бағдарламасының «Қазақ мәтінін (сөйленімін) сегментке мүшелеудің фонетика-фонологиялық негіздері» атты тапсырмасы бойынша 2000-2002жж. ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді (З.Базарбаева, Ә.Жүнісбек, А.Фазылжанова).
Сөз болып отырған кезең аралығында жүргізілген зерттеулерде жүйелі құрылым болып табылатын мәтін бүтіннен бөлшекке қарай деген методологиялық негізде қаралады. Сөз ағымындағы негізгі жетекші ой өзара мағыналық қатынасқа түсетін жеке-дара ойлар тізбегінен құралады, сондықтан олардағы просодикалық тәсілдер де белгілі бір байламда тұрады. Қазақ мәтінін (сөйленімін) сегментке мүшелеудің фонетика-фонологиялық негіздері интонация межесінде арнайы экспериментті-инструментті әдісті қолдану арқылы алғаш рет зерттелді.
Зерттеудің мақсаты қазақ мәтінін сұрыптап алып, оларды алдымен күрделі фразалық тұтастыққа, құрмалас сөйлемге, күрделенген сөйлемге, жай сөйлем түрлеріне, синтагмаларға жіктеп, мәтіннің мазмұндық мүшеленуінің интонациялық көрсеткіштерін, мазмұн мен интонация және синтаксис ара қатынасын ашып көрсету болатын. Мәтіннің мүшелену нәтижесінде оның сегментті және суперсегментті бірліктері анықталады. Интонацияның мәтінді сегменттерге мүшелеуінің маңызы зор. Мәтінді сегментке мүшелеуде оның қандай бірліктерге бөлінетінін, олардың өзара қалай байланысатынын, мәтін құрамында орналасу ретін, просодикалық тәсілдердің қайсысы айырықша қызмет атқаратынын байқауға болады. Мәтін аумағында интонациялық құралдың қызметін талдау, оның интонациялық және семантикалық сипаттамаларының ара қатынасын белгілеу, мәтіннің семантикалық дәрежесін көрсетуде интонацияның рөлі ерекше, себебі ол интонациялық өлшемдер мен басқа тіл өлшемдері арасында өзара әсер түрінің тереңдігін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ интонациялық бірліктер басқа да тіл бірліктерінің байланысын, бір-біріне қатысын жеткілікті түрде көрсетіп бере алады. Сөйлеу барысында лексика-грамматикалық тәсілдермен бірге, ал кейде жалғыз өзі-ақ сөз мазмұнын, тіл бірліктерінің мағыналық ара-қатынасын жеткізе алады. Мәтін деңгейінде просодикалық тәсілдерді талдау барысында жаңа нәтижелерге жетуге болады.
Мәтін мүшелеудің фонетика-фонологиялық негіздерін анықтау үшін ең алдымен оның құрамдас бөліктерін іріктеп, олардың өзара байланысу қағидаларын саралап алудан бастау керек. Мәтіннің мағыналық жіктері мен семантика-грамматикалық байланыстарын, әуеннің құбылуы, қарқынның баяулауы мен жылдамдауы, үдемелігінің күшеуі, тоналды дипазондар мен интервалдардың өзгеруі және басқа да интонациялық компоненттерінің көрсеткіштерінен байқауға болады. Сондай-ақ мәтін бөлшектері біріне-бірі ұласып, бірінен-бірі өрбіп, бірімен-бірі үндесе үйлесіп бір ойды просодикалық құралдар арқылы жүзеге асырылады. Зерттеуде мәтіннің күрделі фразалық тұтастық деңгейінде мүшеленуін, кешенді түрде, яғни функциональды-семантикалық (дискурстық бағыт) және прагматикалық (пресуппозиция тұсынан) қырларынан қарастырудың тиімділігі айқындалып, дәлелденді. Қазақ тілі мәтінінің мағыналық-тұлғалық ұстаным негізінде мүшеленген бірліктеріндегі интонация көріністері сипатталып, олардың мәтін құрамында орналасу реті айқындалды. Қазақ мәтінінің семантика-интонациялық мүшеленуіндегі просодикалық құралдар қызметі олардың әрқайсысының сөз семантикасына тәуелді түрде өзіндік көрініс тауып бірігуі нәтижесіндегі кешенді құбылыс ретінде қарастырылды. Интонацияның сөйлеу тіліндегі көріністері, оның компоненттерінің мәтін бөлшектерінде ара-қатынасы мен өзара байланысуында алатын орны және басқа да қасиеттері мүмкіндігінше жан-жақты тексеріліп, анықталды.
Мәтіннің құрылымы мен жасалуына қызмет атқарып, әрі ондағы айтылған сөздің коммуникативтік мағынасын, эмоциялық-экспрессивтік қырларын анықтауда сөз әуенініңкөтерілуі мен бәсеңдеуі, сөз бөлшектерінің белгілі бір уақыт аралығындағы ұзақтылығы, сөз ағымындағы кідіріс, айтылымның қайсыбір бірлігін ерекшелеп тұлғаландырудағы қарқын мен үдемелікжәне адамның көңіл-күй ахуалын жеткізудегі дауыс реңкінің рөлі экспериментті әдістер арқылы сипатталды. Интонация және оның бірліктері мен компоненттерінің қазақ тілінің түрлі синтаксистік құрылымдарында өзара әрқилы күрделі қатынастарға түсіп, мәтін сегменттеуде, мәтін бөлшектерін семантикалық-құрылымдық топтарға бөлуде, оларды бір-бірімен байланыстыруда мәні зор екені эксперимент арқылы дәлелденді. Сөйлеу тіліндегі синтаксистік құрылымдардың аяқталған-аяқталмағандығы, олардың кідіріс арқылы бөлінуі, ол құрылымдардың интонациясының әуені, қарқыны, ұзақтылығы, үдемелігі, тональды диапазоны мен деңгейі ондағы айтылған ойдың мазмұнына тікелей қатысып, мәтіннің сегменттерге мүшеленуінде зор қызмет атқаратыны дәлелденді.
Қазақ тілі фонетика саласында әлі де болса да түпкілікті шешілмеген мәселелер жеткілікті, мысалы қазақ тілінің тарихи фонологиясы кенжелеп жатыр. Сондықтан Институттың фонетика бөлімі мемлекеттік тапсырыс бойынша тарихи фонетикасы мен диахрондық фонология проблемаларымен шұғылданып, мынадай мақсат қойып отыр: қазіргі қазақ және туыстас түркі тілдерінің фонетика-фонологиялық құрылымдарына сүйене отырып, салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы олардың дыбыс жүйелеріне диахрондық аспектіде фонологиялық талдау жүргізу. 
Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2009-2011 жылдарға жоспарланған іргелі зерттеу бағдарламасының «Қазақ тілі фонологиялық жүйесін диахрондық аспектіде зерттеу»(жет. З.М.Базарбаева) деген тақырып  бойынша жұмыс істелініп жатыр. Бұл тақырып 2006-2008 ж. орындалған жұмыстың жалғасы болып табылады. Сонда қазақ тілінің фонетика-фонология жүйесіндегі дыбыстың дивергенция процесі мен фонологизация құбылысының тарихи негізі тілдің дыбыстық құрылымы дамуының шешуші факторы ретінде ретроспекциялық тұрғыдан зерттелген. Фонологизация құбылыстары негізінде дыбыстардың фонематикалық статусқа көтерілуі қарастырылды. Дыбыстардың позицияға байланысты аллофондары дербес фонемаларға ауысу процесі зерттелінді. Қазіргі түркі тіліндегі дауысты дыбыстардың сипаты көне түркі ескерткіштерімен байланысты қаралды. Дауысты дыбыстардың құрамы мен функциясы анықталып, ата түркі тіліндегі вокализмнің сипаты салыстырмалы әдіс арқылы нақтыланды. Қазақ тілі фонология жүйесінің даму кезеңдері мен қалыптасу жолдары белгіленіп, тарихи факторлар мен заңдылықтар анықталды.
Орындалып жатқан зерттеу диахрондық фонология мәселелерін үш принциптің (жүйелілік, тарихилық, себептілік) аясында қарастырылды. Түркі тілдерінің вокализм мен консонантизм жүйелерінің даму тарихы мен кезеңдері салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы сипатталды. Фонетика-фонология құбылыстарының нәтижелерімен бірге байырғы дыбыс жүйелерінің дамуына себеп болған механизмдер де тарихи факторлар арқылы анықталды. Туыстас тілдермен қатар туыстас емес тілдердің де фонологиялық құбылыстары мен заңдылықтары ескерілді. Салыстырмалы-тарихи әдістерге сүйене отырып, вокализм мен консонантизмнің ата тілі моделін жасауда диалектілік және типологиялық материалдар да қарастырылды.
Сонымен туыстас түркі тілдерінің вокализм мен консонантизм жүйелерін бір-бірімен салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен ерекшеліктері анықталады және фонетикалық жүйелердің тарихи даму кезеңдері белгіленіп, фонемалардың пайда болу және қалыптасу жолдары сипатталады. Салыстырмалы-тарихи әдістердің негізінде туыстас түркі тілдерінің жақындық дәрежесі мен ортақ белгілері айқындалады және вокализм мен консонантизм жүйелерінің ататілі моделі жасалады. Түркі тілдерінің генеологиялық классификациясының негізінде  олардың дыбыс жүйелері диахрондық аспектіде зерттеледі. Түркі тілдерінің даму кезеңдері анықталып, әр кезеңге тоқталып, әсіресе бізге қатысты тілдердің қыпшақ тобы қарастырылады. Салыстырмалы-тарихи әдістерге сәйкес алдымен туыстық жағынан жақын тілдердің дыбыс жүйелері зерттеледі. Ең алдымен олардың генеологиялық жақындығы ескеріліп, қазақ тілінің фонологиялық жүйесі қыпшақ тобына кіретінқарақалпақ татар, башқұрт тілдерінің фонема жүйелерімен қатар зерттеледі. Кейін қазақ тілінің фонологиялық заңдылықтары қарлұқ тобына енетін өзбек, ұйғыр тілдерімен де салыстырыла қарастырылады, себебі бұл тілдердің ара жігінің айырылуы шамамен XIV–XV ғасырға таман келеді. Сондай-ақ қазақ тілінің дыбыс құбылыстары оғыз тілдерімен де салыстырыла зерттеледі. Туыстас түркі тілдерінің вокализм мен консонантизм жүйелерін бір-бірмен салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтап, соның нәтижесінде фонетикалық жүйелердің тарихи даму кезеңдері анықталады. Сонымен қазіргі түркі тілдерінің белгілі фонетика-фонологиялық құрылымдарына сүйене отырып, ретроспекция арқылы жалпы түркі тілдерінің ататілі моделі ұсынылады.
Зерттеу барысында алынған нәтижелердің теориялық және практикалық мәні зор. Қазіргі түркі тілдерінің үлкен бір бұтағын құрайтын қыпшақ, қарлұқ, оғыз тобындағы тілдер мен көне түркі дәуіріндегі жазба ескерткіштер тілін вокализм, консонантизм, морфонология тұрғысынан зерделеу  тарихи фонетика, тарихи грамматика, лексикология, этимология проблемаларымен айналысуға жол ашады. Сондай-ақ, қазақ тілінің салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімінің дамуына да тарихи фонетиканың зерттелуінің маңызы зор екені дау тудырмайды. Себебі қазақ тілі тарихи фонетикасының дыбыс құбылыстарын анықтау үшін ең алдымен туыстас түркі тілдерінің және қосымша туыстас емес тілдердің материалдарын ұқыптылықпен қарастыру керек. Жұмыста алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарында түркітануға кіріспе, көне түркі тілі, түркі тілінің салыстырмалы грамматикасы, қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәндері бойынша дәріс оқуда пайдалануға болады және тарихи фонетикадан студенттерге бағдарлама мен силлабус дайындауға болады.
Ұлттық тіліміздің қазіргі лексика-грамматикалық формаларының даму эволюциясын, лексика-фразеологиялық бірліктерінің этимологиясын көрсетуде дыбыстардың архетиптері мен байырғы, түркі ататілінің фонемаларының құрамын анықтаудың маңызы ерекше. Бөлімнің жас қызметкерлері тарихи фонетика мәселелерімен шұғылданып, кандидаттық диссертацияларын қорғап (Ж.Жұмабаева), талқылаудан өткен (Н. Оспангазиева). А.Фазылжанова бұл тақырыпты докторлық диссертация деңгейінде орындап жатыр. А.Аманбаева тарихи морфонология мәселелерімен шұғылданып жүр.
Бөлімнің қызметкерлері теориялық проблемалармен бірге қолданбалы мәселелермен де шұғылданады. «Тілдердің үйлесімді қызмет етуі мен дамуы – егемен Қазақстанның тұрақты және өркениетті дамуының тірегі» атты іргелі зерттеу тапсырмасының «Қазақ мәтінін (сөйленімін) синтездеудің фонетика-фонологиялық негіздері және компьютерлік бағдарламасы»(2003-2005жж.) атты бағыт бойынша  зерттеу жүргізілді (З.Базарбаева, Ә.Жүнісбек, А.Фазылжанова, А.Аманбаева).
Фонетика-фонологиялық теориялардың негізінде, қазақ тіл білімінде және жалпы түркологияда да әлі қаралмаған сөз синтездеу және оның компьютерлік бағдарламасы деген күрделі проблема қолға алынды. Бұл проблемаға демеу болатын теориялық және практикалық зерттеулер баршылық. Қазақ тілінің дыбыс және интонация жүйелері айтарлықтай экспериментті түрде зерттелінді. Әрбір дыбыс, буын, сөз, сөз тіркесі, көлемді мәтіндердің фонетика-фонологиялық сипаттамалары мейлінше қаралды. Сондай-ақ қазақ тілінің сегментті және суперсегментті бірліктері анықталды. Оларға артикуляторлық-акустикалық талдау жасалды. Үндесім фонема мен интонемалардың варианттары айқындалып, олар модель, кесте түрінде берілді. Бұл қолданбалы проблеманы шешудің нәтижесінде қазіргі өмір талабына сай біраз жұмыстар атқаруға болады.
Соңғы кезде бүкіл әлемде сөзтанушы компьютерлік бағдарламалар шығару жұмысы жүргізіліп отырғаны баршаға аян. Мысалы пернетақтадан мәтінді тергенше, оны ауызша айтқан анағұрлым ыңғайлы. Кейбір жағдайларда, мысалы автокөлік жүргізгенде, цифрлы құралдармен хабар алмасудың осы түрі айтарлықтай қауіпсіз болады. Ал зағип болып қалған немесе көру қабілеті төмен адамдар үшін – бұл компьютермен хабарласудың бірде-бір мүмкіншілігі. Бірақ хабарлау үшін компьютердің дауысын есіту керек емес пе? Сондықтан сапалы тіл интерфейсі тілді танып қана қоймай оны құрастыра (синтездеу) білуі, яғни сөйлесімге жағдай жасап, оны туындата білуі керек. Сөз синтездеу дегеніміз – бұл сөйлеп тұрған адам мен компьютер арасындағы жаңа байланыс арнасы. Оны қолданудың оңай көзі – мәтінді, тіпті кітаптарды дауыстатқызу және телефон арқылы арнайы кеңейтілген мәлімет, мысалы ақпарат қорынан заң мәтінін алу. Сөз синтезаторы не істей алуы керек? Олардың негізгі ролі – жазылған мәтіндерді дауыстау. Қазақ тілтанымының кенжелеп қалып отырған саласы қолданба-қолғанат қондырғылар құрастырудың теориялық және техникалық негіздемесі болып отыр. Сондықтан қазақ мәтінін синтездеу амалын қарастыру осы зерттеудің маңызын көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты – қазақ сөйленімінің сегментті және суперсегментті модельдеріне сүйене отырып, қазақ мәтінін синтездеудің фонетика-фонологиялық негіздерін анықтау. Зерттеу нысаны – жасанды тіл мәтіні: үндесім сегменттер, үйлесім сегменттер және ырғақты топтар, синтагмалар, сөйлемдердің интонациялық көрсеткіштері, интонемалар және оның варианттары. Сөйлемдеpдiң құрылымдық-коммуникативтiк түpлеpiне сүйене отырып, интонациялық ерекшеліктерін экспеpименттi әдістер арқылы зеpттеп, олаpдың түpлi модельдеpiнiң просодикалық көpiнiстеpi сипатталды. Сөйлеу актісінің құрылу ұстанымдарымен, оның қандай бөлшектерге мүшеленуі және оның бөліктерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасы мен оларды синтездеуде сегментация тәсілдерінің қайсысы семиологиялық мағына ажыратушы қызмет атқаратындығы анықталды. Сөз легінің мағына жағынан бөлшектеніп қабылдануында интонацияның мелодикалық, темпоральдық, динамикалық құралдарының қызметі айқындалды. Интонация сөйлеу (мәтін) бірліктерін өзара ұйымдастыру мен біріктіруге қызмет ете отырып, олардың арасындағы логикалық байланыс дәрежесін көрсетіп, оларды мағыналық үзіктерге бөлетіні эксперимент арқылы дәлелденді.
Сөз актісін мүшелеуде және біріктіруде ырғақтық, синтагмалық, фразалық, логикалық және басқа да екпін түрлері үлкен рөл атқаратыны айқындалды. Қазақ тілінде айтылған сөз актісінің (мәтіннің) семантика-интонациялық мүшеленуі мен бірігуі фонетикалық және семантика-интонациялық ең кіші бірліктер болып саналатын ырғақты топтар мен синтагмалар арқылы жүзеге асатыны дәлелденді.
Қазақ сөзін синтездеуге қатысатын интонацияның компоненттері мен қызметі және қазақ сөйленімін құрайтын интонема модельдері жан-жақты сипатталып, қазақ мәтінін (сөйленімін) синтездеудің суперсегментті негіздері анықталды. Мәтін синтездеуге қатысатын просодикалық бірліктердің сипаттамасы берілді және интонема модельдерін ажырататын акустикалық параметр көрсеткіштері белгіленді. Сондай-ақ эксперименттік-фонетикалық талдау негізінде қазақ тілінің сегментті және суперсегментті бірліктерінің позициялық және комбинаторлық варианттары қарастырылды. Әрбір бірліктің фонологиялық қызметі мен фонетикалық табиғаты ашылды. Негізгі және үстеме белгілердің фонетикалық сипаты анықталды. Интонация түрлерінің фонетикалық ықпалы белгіленіп, оның дыбыс түрленіміне әсері айқындалды. Қазақ тіліндегі сегменттердің құрамы мен жүйесі айқындалып, олардың кестесі мен модельдері түзілді. Қазақ мәтінін құрап тұрған бөлшектерге ыдыратудың фонетика-фонологиялық жолдары айқындалып, тіл құрақтарын іштей ұйыстырып тұрған фонетика-фонологиялық белгілерінің басы ашылды. Сөйтіп қазақ мәтінінің (буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем) табиғи естілімін қамтамасыз ететін тілдік белгілер түгенделді. Дыбыс түрленімінің акустика-артикуляторлық модельдері, кестелер мен сызбалар дайын болды. Қазақ интонациясының интонема модельдері, оның варианттары мен вариациялары анықталды. Эксперимент арқылы алынған нәтижелер осы бағыттағы теориялық және практикалық зерттеулерді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беріп отыр.
Зерттеу қолданба тілтаным саласында сөз болып отырған мәселе бойынша компьютерлік бағдарлама жасаудың лингвистикалық және әдіснамалық негізі болып табылады. Сонымен сөз синтездеу және оның компьютерлік бағдарламасы деген зерттеу проблемасынан елеулі қорытынды күтілуде. Атап айтқанда, қазақ тілінің жасанды сөйленім үлгілерін дайындауға жол ашылды. Қазақ сөзінің табиғи дыбысталу жолдарын анықтап, жасанды сөз, мәтін құрастырылды.
Қолданбалы проблемалар аясында 2007-2009 жж. «Ұлттық идея – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» атты қолданбалы зерттеу бағдарламасы бойынша «Қазақ тілін өзге тілді ұлттар өкілдеріне оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздері және оның бағдарламасы» деген тақырыпта ғылыми зерттеу жүргізілді (жет. З.М.Базарбаева). Жұмыстың мақсаты: тіл білімінің жаңа бағыты болатын интонология туралы мәліметтер беріп және оның заңдылықтарын, сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерін көрсетіп, тапсырмалар мен жаттығулар арқылы өзге ұлт өкілдеріне қазақ интонациясын үйрету.
Қазіргі таңда өзге тілді ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудің әр түрлі әдіс-тәсілдері қарастырылып жатқаны белгілі. Сондықтан бұл жұмыста просодикалық тәсілдер арқылы тілді үйренудің әдістері қарастырылды. Сонымен қатар оқыту технологияларын, яғни білім беру әдіс‑тәсілдері мен оқыту құралдарын қазақ тілі бойынша білім берудің теориясы мен практикасы межесінде ұтымды қолданудың жолдары белгіленді.
Жұмыста қазақ тілін  «екінші тіл», яғни  қазақ тілін өзге тілді ұлт өкілдеріне оқытудың теориялық мәселелері, оның формалары мен әдістері зерттеледі. Қазақ тілін «екінші тіл» ретінде оқыту жүйесі мен оны тәжірибелік және теориялық тұрғыдан үйрету жолдары, берілетін білім көлемі, білім берудегі негізгі ұстанымдар, әдістер мен тәсілдер, олардың жіктелуі мен құрылымы дидактикалық теориялар негізінде қарастырылды. Қазақ тілін басқа тілді ұлттарға оқытудағы тілдік және танымдық материал мазмұны ғылыми тұрғыда қарастырылып,  сөйлеу тілін үйрету үшін қажетті білім қорын сұрыптау, таңдау жолдары коммуникация теориясы және прагмалингвистика аясында зерттелді.
Интонема модельдерінің варианттары, вариациялары, олардың сөз ағымындағы көрінісі, просодикалық тәсілдердің түрлері сияқты өзге тілді ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуға қажетті білімдер сараланды. Өзге тілді ұлт өкілдеріне арналған суперсегментті фонетикаға қатысты экспериментті-фонетикалық талдаулар жүргізудің нәтижесінде қазақ тілі интонациясының түрлеріне беретін жиырма жеті варианттан тұратын интонема модельдері анықталып сипатталды. Жұмысының нәтижесі ретінде өзге тілді ұлт өкілдеріне қазақ тілі интонациясын оқытудың негізінде жаттығулар мен тапсырмалар ұсынылды.
2007-2009 жж. «Ұлттық идея – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» атты қолданбалы зерттеу бағдарламасы бойынша «Латын әліпбиіндегі оргтехника құрастырудың лингвистикалық негіздемесі»  деген тақырыпта ғылыми зерттеу жүргізілді (жет. А.Жүнісбек).
Үндесім түйметақта латын таңбалары негізінде құрастырылатын болғандықтан, қазақ жазуына жасалатын реформаның теория-практикалық негіздемесі талданды. Фонетика-фонологиялық талданым нәтижесінде латын таңбасына негізделген қазақ әліпбиінің ұлттық нұсқасы мен интернет нұсқасының жобасы дайындалды.
Қазақ тілінің төл әріптерінің (таңбаларының) кездесім жиілігі анықталып, кестеге түсірілді және көрнекі сызбасы жасалды. Қазақ тілінің төл әріп-таңбаларының кездесім жиілігіне қарай олардың түйметақтадағы орны белгіленеді. Түйметақтаның екі әуезді үлгісі ұсынылып, оның мәтінтерім реті көрсетілді. Түйметақтаның төрт әуезді үлгісі ұсынылып, оның мәтінтерім реті көрсетілді.
2007-2009 жж. «Ұлттық идея – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» қолданбалы зерттеу бағдарламасының«Мультимәдени қоғамдағы тілдік сәйкесімділік (лат. identikus): мемлекеттік тілді лингвомәдени-семиотикалық жүйелер негізінде меңгертудің лингвистикалық аспектісі» атты ғылыми-зерттеу жүргізілді (жет. А.Фазылжанова).
Қазіргі кездегі мультимәдениеттілік меп мультимәдени қоғамдардың типтері мен түрлері анықталды; олардың этникалық және әлеуметтік сияқты негізгі типтері болатыны көрсетілді, олардың ішінде қазіргі Қазақстан үшін тиімді болатын үлгі ізделіп, бірқатар басқа мәдениеттердің болуымен қатар мемлекетқұрушы ұлттың мәдениетіне үстем (доминант) мәдениет түрінде басымдық беретін мультимәдени қоғам үлгісі тиімді ретінде ұсынылды. Мультимәдениет («мультикультурализм») түрлерінің тілдік бірегейлікке қатысы, онымен байланыстылығы көрсетілді. Тілді өзге ұлт өкілдеріне, болашақ полилингвитерге үйретуде ортақ ұлттық бірегейлік қалыптастыру үшін лингво мәдени-семиотикалық таңбалар жүйесін, ұлттық концептілерді, әлемнің тілдік бейнесінің ұлттық элементтерін, ұлттық стереотиптер мен аялық білімдер жүйесін меңгерту қажет екені анықталды.
Қазақ тілін тіл үйренуші мен қазақ тілін ана тілі ретінде тұтынушы кез келген Қазақстан азаматы білуге тиіс қазақ тілінің әлеуметтік, тарихи, мәдени, лингвистикалық параметрлері анықталды, яғни қазақ тіліне қатысты ғылыми дискурта репрезентацияланған білімдер жүйесі берілді. Тілдік бірегейлік, ұлттық бірегейлік аспектілеріндегі мемлекеттік тілге оқытудың жаңа тұжрымдамасының ғылыми лингвистикалық, лингвосоциологиялық негіздері көрсетіледі. Тілдік бірегейліктің негізі болып табылатын қоғамдық сананың эстетикалық, саяси, ғылыми сияқты т.б.түрлері анықталды. Тіл мен мәдениеттің байланысын көрсететін лингвомәдени тілдік таңбалардың парамеологизмдер, бейэквивалентті лексика, сияқты т.б. түрлері айқындалды. Лингвомәдени тілдік таңбаларды тіл үйрету курс, бағдарламаларына енгізу көздері ретіндегі қазақ тілінің жаңа сападағы нормативті сөздіктері көрсетілді. Жаңа тілтанымдық, лингвомәдени білімдер жүйесінің көздері ретіндегі қазіргі қазақ тілінің сөздіктеріндегі жаңартпалар анықталды. Жаңа білімдер жүйесі мен тілтанымдық жаңартпалардың қазақ тілі пәні мазмұнын байытудағы рөлі көрсетілді. Жаңа мазмұндағы қазақ тілін оқытудың жаңа тұжырымдамасының тілдік бірегейлікті қалыптастырудағы маңызы айқындалды. Мектеп бағдарламасы мазмұнына енгізуге болатын қазақ тілінің жаңа түсіндірме сөздігіне енгізілген лингвомәдени-семиотикалық бірліктер және олардың ұлтты бірегейлендіруші когнитивтік, мәдени мазмұны көрсетілді. Сонымен, қазіргі таңда қазақ тілі фонетикасының жүйесі мынадай ғылыми бағыттар аясында зерттеліп келеді:

  1. дәстүрлі фонологиялық бағыт;
  2. сингармониялық бағыт;
  3. интонология бағыты;
  4. тарихи фонология бағыты;
  5. қолданбалы фонетика бағыты.

Фонетика бөлімі болашақ бағдарламасында қазақ тілі дыбысының қорын жасау деген бір үлкен проблеманы алға қойып отыр. Бұл әрине бір екі жылдың жұмысы емес, ұзақ перспективті жоспар. Біріншіден, белгілі жазушылардың, саясаткерлердің, ғұлама ғалымдардың, әртістердің сөйлеген сөзін таспаға жазып алып, фонетика бөлімінің қорына енгізу. Бұл қазақ қоғамындағы элитаның дыбыс қоры ретінде сақталып, қазақ сөйлеу тілінің үлгісі болып табылады. Олардың сөйлеген сөзі кітаби тілдің ауықымында ресми іс қағаз, ғылыми, көркем әдебиет, публицистикалық стильдердің ауызша түріне жатады. Қоғам қайраткерлерінің сөйлеген сөзі сегментті және суперсегментті фонетиканың орфоэпиялық нормасына сәйкес келіп, синтагмалардың ара-жігі, ой екпіні  мен кідірісі тиісті жерінде дұрыс белгіленіп, дауыстың көтерілуі мен бәсеңдеуі, баяулауы мен жылдамдығы ескеріліп, қалың жұртшылыққа ұсынылады. Болашақта ана тіліміздің дыбыс және интонациялық жүйесі әдеби тілдің нормасына сәйкес қолданылып, сөйлеу сөзінің үлгісі ретінде қалыптасатынына сенеміз.
Екіншіден кітаби тілдің ауызша түрі мен қатар дайындықсыз (спонтанды) сөздің де үлгілері берілуі тиіс. Екі немесе үш адамның диалог, полилогта сөйлеген сөздерін таспаға жазып алып, дайындықсыз сөз ағымында көрінетін просодикалық тәсілдердің заңдылықтары да ескеріледі. Дискурсқа қатысушылары нақтылы берілген жағдаятта ауызша (вербальды) түрде қолданылатын тәсілдерді мейлінше аз пайдаланып, сөз арқылы жеткізілетін ақпараттың орны әуен, қарқын, үдемелік және басқа да қарым-қатынас құралдарымен (вербальды емес) толықтырылады. Дайындықсыз (спонтанды) сөйлеуге тән диалогта кейбір сөйлемдердің дыбыстары жұтылып кетеді, кідірістің хезитация және вокалданған түрлері жиі кездеседі. Үнемдеу принципіне сәйкес дайындықсыз сөз легінде уақыт үнемдеу мақсатымен кейбір сөз қысқарып айтылады.
Сонымен кітаби тілдің ауызша түрі мен дайындықсыз (спонтанды) ауызекі сөздің өзгешеліктері анықталып, фонетика бөлімінің қорына енгізіліп, үлгі ретінде халыққа ұсынылады. Сондай-ақ бұрыннан келе жатқан жазу тілінің байлығын  көрсететін қағазға түскен картотекалық қор мен қатар  ана тіліміздің дыбыс қоры да сөйлеу үлгісіретінде Тіл білімі институтының жанында сақталады деп сенеміз.

БӨЛІМНІҢ БАСТЫ ЕҢБЕКТЕРІ

 

1. З.М.Базарбаева Типологическое исследование интонации вводных единиц (на материале французского, казахского и русского языков). Алма-Ата, 1991, 7 п.л.
2. З.М.Базарбаева Қазақ тілінің интонациялық жүйесі. Алматы, 1996, 11п.л.
3. З.М.Базарбаева Қазіргі қазақ тілінің интонация негіздері. Алматы, 2002, 12 п.л. (оқу құрал).
4. З.М.Базарбаева Строй казахского языка. Фонетика (коллектив авторов) 1991.
5. З.М.Базарбаева Қазақ грамматикасы (авторлар ұжымы). Алматы,  2002.

6. З.М.Базарбаева Некоторые аспекты реформирования казахского алфавита на основе латинской графики. Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпби. Алматы, 2007. 218-222 бб.

7. З.М.Базарбаева Казахская интонация. Алматы, «Дайк-Пресс», 2008, 18 б.т.
8. З.М.Базарбаева Қазақ тілі: интонология, фонология. Алматы, «Жібек жолы», 2008, 20,5 б.т.
9. З.М.Базарбаева Казахско-русский справочник для широкого круга читателей. Алматы, 2010, 215 с.
10. Ә.Жүнісбек Қазақ грамматикасы. Астана, 2002 (сегментті фонетика бөлімі).
11. Ә.Жүнісбек Қазақ фонетикасы. Алматы, 2009.
12. А.Жунисбек Введение в сингармоническую фонетику. Алматы, 2009.
13. Ә.Жүнісбек Қазақша-орысша фонетикалық сөздік. Орал, 2009.
14. Ә.Жүнісбек Әліпби ауыстыруды жазу реформасына айналдыру керек. Орал, 2007.
15. А.Жунисбек Сингармонизм в казахском языке. Алма-Ата, 1980
16. А.Жунисбек Гласные казахского языка. Алма-Ата, 1972.
17. А.Жунисбек Просодика слова в казахском языке. Алма-Ата, 1987
18. А.Жунисбек Строй казахского языка. Фонетика (коллектив.) Алма-Ата 1992.
20. Фазылжанова А. Құрмалас сөйлем интонациясы және өтем заңы // ҚР ҰҒА Хабаршысы, Тіл әдебиет сериясы. 1999. № 3;
21. Фазылжанова А. Құрамалас сөйлем интонациясы мен тыныс белгілерінің ара қатынасы жайында // әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ. Материалы Республиканской  научно-методической конференци. Теоретические и практические основы и фор-мирования лингвистической компетентности на современном этапе. Алматы, 1999;
22. Фазылжанова А. Қазақ тіліндегі қосқұрамды құрмалас сөйлем интонациясы (эксперименттік-фонетикалық зерттеу). Филология ғылымдарының кандидаты ғлыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. А., 2000;
23. Фазылжанова А. Қосқұрамды құрмалас сөйлем интонемалары мен интонациялық типтері // “Тілтаным”,     № 2, 2001;
24. Фазылжанова А. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі (75 000 сөз) (құрастырушылардың бірі, жауапты шығарушының бірі). Бас редакторы: Ә.Жүнісбек. Құрастырушылар: Н.Уәли, Қ.Күдеринова А., «Арыс», 2004 ж.;
25. Фазылжанова А. Қазақ орфоэпиясының сегментті және суперсегментті фонетикалық негіздері жайында // «Академик Рәбиға Сыздық және қазақ тіл білімі мәселелері». А.,  «Арыс», 2004 ж.;
26. Фазылжанова А. Сахнадағы сөйлеу және орфоэпиялық норма // Алматы қаласы бойынша Тіл департаменті өткізген «Терминология және тіл мәдениетінің мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференцияның жинағы, А., 2004;
27. Фазылжанова А. Қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы (радио,-тележурналистерге арналған көмекші құрал) // Сөйлеу техникасы мен эфирдегі дыбысталған сөздің интонациясы (41-66 бб.); Қазақ тілі функционалды стильдеріндегі мәтіндердің айтылым үлгілері (Ғ.Әнеспен бірге) (66 – 76); Қысқаша орфоэпиялық сөздік (Н.Уәлиұлы, Қ.Күдериновамен бірге) (76 – 198 бб.). Алматы, «Арыс», 2004 ж.;
28. Фазылжанова А. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі (Жауапты редакторы мен құрастырушылардың бірі). Бас редакторы Р.Сыздық. А.: «Арыс», 2004;
29. Фазылжанова А. Ауызша  тіл және жазба тіл бірліктерінің дискреттілігі // «Академик Ш.Ш.Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері». А.,  «Арыс», 2005 ж.;
30. Фазылжанова А.Онбестомдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігі». І -ХVтомдар (жауапты редакторының бірі). Бас редакторлары Қ.Ысқақов, Н.Уәли. А.: «Арыс», «Қазақ энциклопедиясы», 2006-2011;
31. Фазылжанова А. Әзербайжан, Түркия, Өзбекстанның латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшу тәжірибелерін ғылыми-лингвистикалық талдау // Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы ғылыми зерттеулер.  А., 2007-410 б. 136-147 б.б.;
32. Фазылжанова А. «Рабочая тетрадь» (для начинающих самостоятельно изучать казахский язык) учебного комплекса «Тілашар» для самостоятельного изучения, изданного продюсерским центром Gala TV с видео и DVD форматным расширением, Алматы 2007. 15 б.т.;
33. Фазылжанова А. Түркі компаративистикасы және ататүркі тілі дауыссыз дыбыстарын таптастыру мәселесі // Хабаршы, Филология сериясы, 2008, №6;
34. Фазылжанова А. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік беделін көтеру: лингоәлеуметтану аспектілері (Н.Уәлимен бірге)// Тілтаным, 2008, № 4;
35. Фазылжанова А. Жоғары оқу орындарындағы қазақ тілі пәнінің мазмұнын орфоэпиялық нормалардың ғылыми-теориялық негіздері жөніндегі білімдермен байыту («Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шыққан орфоэпиялық сөздік негізінде) // «Рухани ғылыми мұра» тақырыбындағы Республикадлық ғылыми-теориялық конференция материалдары, Алматы, 2009;
36. Фазылжанова А. Мультимәдениеттілік және тілдік біргейлік // Туған тіл, 2009 ж., №1;
37. Фазылжанова А. «Орхон-енисей жазба ескерткіштеріндегі с-ш дыбыстарының қазіргі қазақ тіліндегі рефлекциясы» //«Өркениеттер диалогындағы түркі әлемінің рөлі» атты халықаралық ғылыми симпозиум материалдары, Алматы, 2009 ж.;
38. Фазылжанова А. Мемлекеттік тілді оқытудың ұлттық және тілдік бірегейлік аспектісіндегі жаңа тұжырымдамасы туралы // Қазақстан мектебі, 2009, №6;
39. Фазылжанова А. Тілтанымдық жаңартпалардағы <лат. innovation> білімдер жүйесін қазақ тілі пәнінің мазмұнына енгізудің маңызы // Р.Сыздықдың 85 жылдығына арналған «Әдеби тіл және қазақ тілінің өміршендігі» атты ғылыми-конференция жинағы. Алматы, 2009;
40. Фазылжанова А. Қоғамдық сананың түрлері және тілдік бірегейлік (Н.Уәлимен бірге) // Хабаршы, филология сериясы. 2009, №4;
41. Фазылжанова А.Түркіаралық ротацизм және ламбдаизм мәселесі //Қазақ әдеби тілі тарихының өзекті мәселелері (Қ.Өміралиевтің 80 жылдығына арналған халықаралық конференция материалдары), Алматы, 2010;
42. Фазылжанова А. Ататүркілік *t дыбысының қазақ тіліндегі рефлексациясы // Тілтаным, №4, 2010;
43. Фазылжанова А. Қазіргі Қазақстандағы үштілділікке қатысты ұсыныстар және оның  типтері мен моделі туралы // Zhas galim  №1 2011;
44. Фазылжанова А. Мультимәдени қоғамдағы тілдік бірегейлік (лат.identikus): мемлекеттік тілді лингвомәдени-семиотикалық жүйелер негізінде меңгертудің лингвистикалық аспектісі // Мемлекеттік тіл ұлттық бірегейліктің негізі. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011;
45. Фазылжанова А. Гуманитарлық бағыттағы қазақ мектептерінің 10 сыныбына арналған «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті» кешенді оқулығының «Дидактикалық материалдары» (Н.Уәли, А.Қоблановамен бірге). А.: «Мектеп», 2004, 2008, 2011;
46. Фазылжанова А. Гуманитарлық бағыттағы қазақ мектептерінің 10 сыныбына арналған «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті» кешенді оқулығының «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» (Н.Уәли, А.Қоблановамен бірге). А.: «Мектеп», 2004, 2008, 2011;
47. Фазылжанова А. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. І-ХV томдар (құрастырушы авторларының, арнаулы редакция мүшелерінің, том редакторларының бірі). А.: «Дәуір», 2011;
48. А.Аманбаева Интонация – тілдік қарым-қатынас құралдарының бірі // Тілтаным. 2003, №1.
49. А.Аманбаева Суперсегментті фонетика жөнінде жалпы сипат // Тілтаным. 2003, №3. 53-55 бб.
50. А.Аманбаева Қазақ тіліндегі интонацияның прагматикалық негізі мен коммуникативті маңызы // БжҒМ ҰҒА Хабарлары, Филология сериясы. №1, 2004 ж.
51. А.Аманбаева Суперсегментті фонетика мен прагмалингвистиканың қазақ тіл біліміндегі алар орны // А.Байтұрсынұлының туғанына 130 жыл толуына арналған ғылыми жинақ. Алматы, 2004 ж.
52. А.Аманбаева Дайындықсыз еркін сөйлеу интонациясын эксперименттік жолмен зерттеу. «Академик Ә.Қайдар және қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері». А., 2004ж.
53. А.Аманбаева Сахнадағы сөйлеу тілінің нақыштары //  Алматы қаласы бойынша Тіл департаменті өткізген «Терминология және тіл мәдениетінің мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция, А., 2006.
54. А.Аманбаева Түркі тіл біліміндегі морфонология құбылысының  пайда  болуы  мен қызметі // Тілтаным 2008, №2.
55. А.Аманбаева Морфонология құбылысының түркі тілдеріндегі көрінісі. // Қ.Өмірәлиевтің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-теориялық конференция. А., 2010ж.
56.А.Аманбаева Қазақ тілі интонема модельдерінің прагмалингвистикалық сипаты // Тілтаным 2008, №1.
57Ж.ЖұмабаеваҚазақ вокализмінің даму жолдары // ҚР ҰҒА Хабарлары №1 (155). –Алматы, 2006. –Б. 72-75.
58. Ж.ЖұмабаеваТүркі тілдеріндегі айырым белгінің (ашық/қысаң) тарихи сипаты // «Қазақ тіл біліміндегі функционалдық бағыт». –Алматы, 2006. –Б. 177-183.
59.Ж.ЖұмабаеваОрхон-Енисей ескерткіштеріндегі дауысты дыбыстардың көрінісі //  «Академик Рәбиға Сыздық және қазақ тіл білімінің мәселелері». Алматы, –2004. –Б. 159-161.
60. Ж.ЖұмабаеваҚазақ фонетикасының зерттелу жайы // Тілтаным. №4 (16). – Алматы, 2004. –Б. 139-145.
61. Ж.ЖұмабаеваКөне түркі тілдеріндегі дауыстылардың сипаты // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. –Алматы. №7 (89). 2005. –Б. 41-44.
62. Ж.ЖұмабаеваТарихи фонетика: дауыстылардың фонологизациялану құбылыстары // «Академик Ә.Т. Қайдар және тіл білімі мәселелері». –Алматы, 2004, –Б. 367-375.
63. Ж.ЖұмабаеваТүркі тілдеріндегі дауыстылардың даму тарихына қысқаша шолу // Ғ.Мұсабаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми-теориялық конференция. А., 2007.
64. Ж.Жұмабаева «Ә» дауысты фонеманың мәселесі. // Тілтаным. 2007, №2.
65. Ж.ЖұмабаеваТүркі тіліндегі дауыстылардың созылыңқы/қысқа белгілері // Тілтаным, №1 2008 ж.

66. Н.Оспанғазиева Қазақ фонологиясындағы айырым белгі теориясы. // «Тілтаным» журналы. 2008. №3.
67.Н.Оспанғазиева Қазақ тіл біліміндегі морфонологияның фонологиямен байланысу жолдары. // «Тілтаным» журналы. 2008. №4.
68. Н.Оспанғазиева Бірөлшемді және көпмөлшерлі айырым белгілер. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Хабарлары 2008 ж. №5.
69.Н.Оспанғазиева Фонеманың зерттелуі жайында. «Профессон Н. Оралбай және тіл білі мен әдістеме ілімі» атты конференция материалдары. 2008 ж.
70Н.Оспанғазиева Тарихи фонология ұғымы жөнінде.  «Профессор С.М. Исаев: Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық және әдістемелік мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференциясының материалдар жинағы. 2008 ж.
71. Н.Оспанғазиева Қазіргі қазақ тілі фонетикасының зерттелу бағыттары. «Рухани-ғылыми мұра» тақырыбындағы республикалық ғылыми теориялық конференция материалдары. Алматы. 2008 ж.
72. Н.Оспанғазиева Фонема және оның айырым белгілері. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Хабарлары 2009 ж. №4.
73. Н.Оспанғазиева Фонема және морфонема. Аманжол Қошанұлы Қошановтың 75 жасқа толуына арналған «Ақпараттық-инновациялық парадигмасының қалыптасуы жағдайында Қазақстанның қоғамдық ғылымдары» атты халықаралық ғылыми конференциясының материалдар жинағы. 2009 ж.
74. Н.Оспанғазиева Түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстар. ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы Рабиға Сыздықтың 85 жылдығына орай өткізілген «Әдеби тіл және қазақ тілінің өміршеңдігі» атты ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. 2009 ж.