Сайт находится в стадии разработки

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты

Терминология бөлімі

ТЕРМИНОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ ТАРИХЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

 Қазақ ССР-і Ғылым академиясының Тіл білімі институтының Терминология және аударма бөлімі алғаш рет 1981 жылы құрылған. Құрамында филология ғылымдарының кандидаттары А.Есенғұлов, Р.Өрекенова, ғылыми қызметкерлер А.Құсайынов, Б.Бекмұхамедов, Т.Аппақова, М.Шәріпова, С.Жетпісов, Р.Сарқұлова, Н.Әшімбаева, Ж.Нәлібаев сынды ғалымдар мен жас мамандар болды. Сол құрылған кезден бастап 1989 жылға дейін бөлімді ҚР ҰҒА-сының академигі, филология ғылымдарының докторы Ө.Айтбайұлы басқарып келді.
Осы жылдар аралығында бөлім қызметкерлері ең алдымен картотекалық қор жасауға кірісті. Осындай ауқымды жұмыстың нәтижесінде 1980 – жылдарға дейін жарық көрген екітілді терминологиялық сөздіктер бір ортаға жинақталып, әліпбилік тәртіпке келтірілді. Бірнеше жылға созылған бұл күрделі жұмыс бөлімнің 500 мыңға жуық тілдік бірлікті қамтыған картотекалық қорының негізі болды.
1981-1993 жылдары Терминология және аударма бөлімі сол кездегі ҚСРО Министрлер Советі (қазіргі Министрлер Кабинеті) жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссиямен тікелей тығыз байланыста болды. Ғылымның әртүрлі саласында пайда болып, ала-құла қолданылып жүрген терминдердің бір ізге түсуіне, ғылыми тұрғыдан реттелуіне бөлім қызметкерлері атсалысты. Осы ретте бөлім меңгерушісі Ө.Айтбайұлының аталмыш комиссияның ғалым-хатшысы ретінде Мемтерминком ережесінің қайта жазылуына, түрлі салалар бойынша сөздіктердің талқыдан өтіп, жарық көруіне зор үлес қосқандығын атап өту керек.
Сондай-ақ осы кездері  М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының профессоры Қ.Бектаев тобымен өзара шартқа отыру арқылы жинақталған сөздіктер ЭЕМ сарабынан өткізіліп, ғылымның ірі бес саласы бойынша түзілетін әртүрлі сөздіктердің өзегіне айналды.
Аударма ісіне қатысты да сол кездері жарнамалар аудару, түрлі мекемелерден түсіп жататын құжаттар, нұсқаулықтар, стандарттар жобаларын аудару тәрізді жұмыстар жолға қойылды. Бұл қазақ терминологиясы және аудармасының тек теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан да қатар жүзеге асырылып отырғандығын көрсетсе керек.
Бөлімнің ең басты мәселесі – бөлім меңгерушісі Ө.Айтбайұлының жетекшілік етуімен осы жылдары қазақ терминологиясы туралы зерттеу жұмыстары мен өзекті мәселелерге арналған бірқатар тақырыптар нысан ретінде алынып, айтарлықтай деңгейде өзіндік үлестерін қосты. Атап айтқанда, «Қазақ терминологиясының жасалу көздері» (1981-1984); «Қазақ әдеби терминологиялық лексикасының дамуы» (1985-1987); «Қазақ тілі терминологиясын қалыптастырудың және дамытудың принциптері» (1988-1990). Нәтижесінде мынадай ұжымдық жинақтар мен кітаптардың жарық көргендігін атап өту керек: “Тіл мәдениеті және баспасөз». Алматы. Ғылым. 1968; «Өрелі өнер». Алматы. 1976; «Сөз өнері». Алматы. Ғылым. 1978; «… ұлт саясатын бұрмалаушылар». Алматы. Ғылым. 1981; «Қазақ терминологиясының мәселелері». Алматы. Ғылым. 1986; «Аударманың лексика-стилистикалық мәселелері». Алматы. Ғылым. 1987; «Термин және олардың аудармалары». Алматы. Ғылым. 1990.
Қазіргі таңда жарық көріп отырған «Қоғамдық ғылымдар терминдерінің орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздігінің» екі томдық нұсқасының негізі сол кезде қаланған еді. Бұл бөлім атқарған ең күрделі жұмыстардың бірі. Ө.Айтбайұлының құрастырушы ретінде де әрі жетекшілігімен аталмыш сөздік бірнеше рет өңделіп, сұрыпталып, толықтырылды.
Қоғамымыздағы айрықша тарихи кезең – 1989 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылуына байланысты  бөлім меңгерушісі Ө.Айтбайұлы вице-президент болып сайланды.  Осыған орай бөлімнің меңгерушілігіне филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Қалиұлы тағайындалды.
Профессор Б.Қалиұлының жетекшілігімен қазақ терминологиясы мен аудармасына қатысты зерттеулер және практикалық  жұмыстар, жарық көріп жатқан жаңа сөздіктер арқылы картотека толықтыру істері өз жалғасын тапты. Бөлім қызметкерлерінің қатары жас ғалымдармен және мамандармен нығайтылды. Сол жылдары бөлімге келген А.Мұқатаева, Ш.Құрманбайұлы, Н.Шүленбаев сынды жас мамандар қазақ терминологиясына жете ден қойып, қазіргі кезде, атап айтсақ филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Құрманбайұлы белгілі терминші-ғалым, Институт басшысы деңгейіне дейін көтерілді.
1995 жылы бөлім меңгерушісі филология ғылымдарының докторы Б.Қалиұлы басқа қызметке ауысуына байланысты бөлім меңгерушілігі қызметін филология ғылымдарының докторы Ө.Айтбайұлы қайтадан өз қолына алады. Сол кезден бастап 2005 жылға дейін академик Ө.Айтбайұлы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті міндетін қоса атқара жүріп, кезінде өзі негізін қалаған ауқымды жұмыстарды жалғастырады. Мәселен, мемлекеттік маңызы зор, ірі ғылымдар секцияларын қамтыған «Мемлекеттік тілде ғылыми терминологияны қалыптастырудың теориялық, ғылыми-әдістемелік және практикалық мәселелері» атты бағдарламаның қосқан үлесі айрықша (1997-1999).
Одан кейінгі жылдары қазақ терминологиясының өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы қызмет атауларын мемлекеттік тілде жүйелеудің ғылыми негіздерін зерттеу» (2000-2002); «Мемлекеттік тілде терминдік лексиканы қалыптастырудың ғылыми-практикалық негіздері» (2003-2005) атты іргелі ғылыми жобалар да ойдағыдай жүзеге асырылды.
2005 жылы бөлім меңгерушілігі міндетіне жас ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Лексикология бөлімінің аға ғылыми қызметкері Қ.Айдарбек тағайындалды.  Қазіргі кезге дейін бөлімнің іргелі ғылыми зерттеулеріне, қосымша атқарылатын аударма істеріне, әртүрлі мекемелер мен ұйымдардан түсетін құжаттарға, стандарттар жобаларына лингвистикалық сараптамалар жасауға, сөздіктер түзуге және т.б. жаңа серпінмен жетекшілік жасап келеді.
Қазақ терминологиялық жүйесі тың бағытта қарастырылатын іргелі зерттеу «Қазақ терминологиялық жүйесін қалыптастырудың ономасиологиялық аспектісі» (2006-2008). Бөлім жүргізген бұл іргелі-ғылыми зерттеуде қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық негіздері алғаш рет кешенді түрде қарастырылып, олардың аталымдық табиғаты ашылып, белгілері көрсетіліп, жасалу жолдары анықталып, түрлері мен үлгілері айқындалып, даму, қалыптасу заңдылықтары дәлелденді. Кәсіп иелері атауларының тілді байытудағы атқаратын зор қызметі көрсетіліп, олардың ономасиологиялық-теориялық негізі жасалды:
– терминологиялық аталым теориясының ғылыми негіздемелері, терминологиялық аталымды тіл білімі терминтанымының жеке саласы ретінде көрсететін негізгі принциптері, өзінің зерттеу нысаны, негізгі ғылыми ұғымдары мен бірліктері, құрылымдық типтері мен үлгілері анықталып,  жалпы тілдік аталым жүйесіндегі орны, негізгі терминологиялық аталым түрлері сипатталды;
– терминологиялық аталымды тілдік аталымның бір саласы ретінде анықтайтын төмендегідей бірнеше критерийлермен байланысты екендігі дәлелденді: термин шығармашылығы; терминологиялық мағынаның арнаулы бағытта дамуы; жүйелілік, реттілік, бірізділік, белгілі бір жүйеде және оған сәйкес терминологиялық өрісте ұйымдастырылып реттелуі; термин экстенциясы мен интенциясы және т.б.;
– терминологиялық аталым үдерісінің терминдік бірліктердің жай тілдік бірліктерден ерекшеліктеріне сәйкес басты, маңызды параметрлері анықталып, терминологиялық аталымның ономасиологиялық типологиясы жасалды;
– терминологиялық бірліктерді (кәсіп иелері атауларын) ономасиологиялық тұрғыдан талдау ерекшелігі, терминологиялық жүйенің ономасиологиялық құрылымы (терминологиялық бірліктердің ономасиологиялық негіздері мен ономасиологиялық белгілері) анықталды;
– терминдердің узуалдану үдерісіне байланысты «тіл» мен «сөйлеудің» арақатынасы, неологиялық терминжасамның нормативтік өлшемдері (параметрлері)  анықталды;
– терминдік бірліктердің мазмұн межесі мен тұрпат межесі терминологиялық аталым теориясына сәйкес нақтыланып,  терминологиялық аталымның  семантикалық-құрылымдық негізі айқындалды;
– арнаулы терминологияларды қалыптастырудағы терминологиялық аталымның кезеңдік сипаты, адамға қатысты атаулар терминденуінің дәрежелері нақтыланды;
– терминологиялық аталымдық жүйе және ғаламның тілдік бейнесі жаңа  білімдерге ие болу  мен олардың жинақталуын айқындайтын танымдық қызметтің көрінісі, аталмыш тілдік жүйелер генетикалық тұрғыдан тілдің гносеологиялық қызметті де жүзеге асыратын жұмсалымның нәтижесі ретінде көрсетілді;
– терминологиялық аталым үдерісінде терминдер ұғымдардың иерархиялық құрылымдарына сәйкес реттеліп, олардың әрқайсысы сол терминдер жүйесіне сәйкес орналастырылып, басқаларымен белгілі бір байланыс пен қарым-қатынаста болатындығы, терминологиялық жалпы тілдік жүйенің лексикалық қорының бір бөлігі ретінде терминнің парадигматикалық және  синтагматикалық сипаттарында көрініс беретін лексика-грамматикалық заңдылықтарға тәуелділігі дәлелденді;
– терминжасам мен сөзжасамның ерекшеліктері ономасиологиялық тұрғыдан қарастырылып, терминологиялық сөзжасамның басқа ұқсас құбылыстардан ажыратарлықтай өзіндік белгілері, ұстанымдары көрсетілді.
Жоғарыда аталған зерттеуден кейін қазіргі қазақ терминологиялық қорын қалыптастыруда өзіндік қиындық туғызып отырған біріздендіру, нормалау, стандарттау, реттеу мәселелеріне арналған «Қазақ терминологиялық қорын қалыптастырудың теориялық негіздері мен лингвистикалық принциптері (стандарттау, жүйелеу, реттеу, біріздендіру, нормалау)» (2009-2011) атты ғылыми жобалар жаңа бағытта, жаңаша қөзқараста жан-жақты зерделенуімен ерекшеленеді.
Бұл жобаны мақсаты: қазақ ұлттық терминологиялық қорын қалыптастыру теориясының негіздемесін жасау және оның заңдылықтарын айқындау, оны тарихи және лингвомәдени аспектіде қарастыру, ұлттық терминологиялық қорды қалыптастыру кезіндегі терминологиялық жұмыстар түрлерін, заңдылықтарын анықтау, стандартталатын, жүйеленетін, реттелетін, біріздендірілетін терминдік бірліктер құрамын, тобын анықтау, лингвистикалық принциптеріне талдау жүргізу.
Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі: қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерудің бір жолы оның ғылыми тілін жетілдірудегі терминологиялық жұмыстар (реттеу, стандарттау, жүйелеу, біріздендіру) мәселелерін ғылыми тұрғыдан негіздеу, сонымен қатар ғылыми атауларын ұлт тілінде қалыптастыру болып табылады. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың қарқынды дамуы нәтижесінде  пайда болған үғымдардың тіліміздегі ұлттық тұрғыдан дұрыс баламалармен және жаңа атаулармен толықтыру қажеттілігі терминологиялық жұмыстар теориясына жаңаша көзқарасты талап етеді. Терминдік жүйені біріздендіру мақсатында қазақ тілі табиғатына сай терминдік инновациялар мәселесі аударылатын, стандартталатын бірліктердің пайыздық үлесін анықтап, оларды белгілі бір жүйеге түсіруді қажет етіп отыр. Терминжасам барысында оның теориялық негіздерін белгілеуге, терминологиялық жұмыстардың тілдік принциптерін жүйеге түсіру, аудармашыларға, сала мамандарына нақты бағыт-бағдар беретін заман талабына сай әдістемелік нұсқауларға мұқтаждық туып отыр.
Осы жоба негізінде әрбір бөлім қызметкері өзіне тиісті «Қазақ терминологиясының жүйелілік негіздері» (Қ.Айдарбек); «Қазіргі таңдағы терминологиялық жұмыстардың практикалық аспектіде зерттелу жайы» (Ө.Айтбайұлы); «Өсімдік атауларының түсіндірме сөздігі (терминдерді лексикографиялық тіркеудің ғылыми-практикалық әдістемесі)»  (Б.Қалиев); «Қазақ терминдарінің нормативтік параметрлері» (Р.Шойбеков); «Қазақ терминологиясын стандарттаудың ғылыми теориялық негіздері»    (Б.Жонкешов); «Қазақ терминологиясын реттеудің лингвистикалық принциптері» (Н.Әшімбаева); «Терминологиялық бірліктерді тілішілік біріздендіру түрлерінің тілдік ерекшеліктері» (Л.Қисамединова); «Қазақ ғылыми мәтіндеріндегі аударма терминдерді стандарттаудың теориялық негіздерін анықтау» (Ш.Нұрмышева) – тақырыбы  бойынша күнтізбелік жоспарда белгіленгендей мынандай жұмыстарды атқарды:
– қазақ терминологиясындағы сөзжасамдық және семантикалық жүйелілік түрлерінің арақатынасы айқындалып, жүйелілік ұғымының терминнің ұғымдар жүйесін қалыптастырудағы маңыздылығы сипатталады;
– басқа мемлекеттерде жүргізіліп отырған терминологиялық жұмыстарды салғастыру арқылы бұл үдерістердегі қиындықтар мен жеке тілдер ерекшелігі және ұлттық тілдер жүйесіндегі терминдердің алатын орны анықталды;
– терминологиялық бірліктерді лексикографиялық тіркеудегі тілдік норманың орны анықталды. Терминологиялық норма, терминологиялық норма өлшемдерінің ұғымдары нақтыланды;
– терминологиялық норма және узус мәселелрінің негізгі белгілері анықталып, терминологиялық инновациялардың нормативтік параметрлерге сәйкестігі белгіленді;
– ғылым салалары бойынша терминологиялық жүйені реттеудің лингвистикалық талаптарын қамтитын негіздеменің жобасы жасалды;
-терминологиялық жүйені реттеу мазмұндық және қисындық жағынан да, лингвистикалық тұрғыдан да қарастырылып, терминологиялық жүйенің қазіргі деңгейге сай келуі-келмеуі,  терминологиялық жүйені құрудағы қисындық тұтастық, оның тілдік тұрғыдан сипатталуына баға берілді;
– терминдерді мәтіндерден, ғылыми сөйлеуден іріктеп алу принциптері, тілдік әдістемесі негізделді. Терминологиялық бірліктердің белгілейтін ғылыми ұғыммен сәйкестігі және тілдік құрылымның ғылыми функционалдық стиль параметрлеріне сәйкес келуіне қатысты мәселелер талданды және т.б.
Сонымен қатар кейінгі жылдары бөлім қызметкерлерінің ғылыми жағынан өсуіне де жете мән беріліп отыр. Бөлім меңгерушісі Қ.Айдарбек 2009 жылы докторлық диссертациясын, ғылыми қызметкерлер Н.Әшімбаева, Ш.Нұрмышевалар кандидаттық диссертацияларын ойдағыдай қорғады.
Қазіргі кездегі Терминология бөлімінің құрамында 1 академик (Ө.Айтбайұлы); 2 ғылым докторы (Б.Қалиұлы, Қ.Айдарбек); 3 ғылым кандидаты (Б.Жонкешов, Н.Әшімбаева, Ш.Нұрмышева); 1 кіші ғылыми қызметкер (Н.Шүленбаев); 1 лаборант (А.Ақкөзова) жұмыс істейді.
Терминология бөлімінің қызметкерлері іргелі ғылыми зерттеулермен ғана айналысып қоймай, жалпы Институттың тыныс-тіршілігіне де белсене атсалысуда. Әртүрлі деңгейлерде өтетін конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға, радио-телехабарларға, сұқбаттарға үнемі қатысып, ғылыми, ғылыми-көпшілік басылымдарда жалпы тіл, терминология, тіл мәдениеті, лексикология, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным және т.б. мәселелерін қарастыратын еңбектерін жариялап отырады.
Терминология бөлімінің айналысатын негізгі тақырыптары

  • қазақ терминологиясының ғылыми негіздері;
  • терминологиялық норма заңдылықтары;
  • қазақ терминографиясының мәселелері;
  • Мемлекеттік тіл саясаты;
  • аударматану;
  • ресми құжат тілі;
  • когнитивтік терминтаным мәселелері;
  • ұлттық терминологиялық қор қалыптастыру жолдары;
  • арнаулы сала тілінің ерекшеліктері;
  • ғылыми дискурстың терминологиялық аспектісі;

оның ішінде:
– қазақ терминологиялық аталымының ғылыми-теориялық негіздері;
– терминологиялық аталымның ономасиологиялық типологиясы;
– терминологиялық неологизация құбылысы;
–терминологиялық мазмұнды белгілейтін концептуалдық, функционалдық, формалдық құрылымдар;
–терминологиялық аталым актілеріне әсер ететін негізгі лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар;
– терминжасамдағы универбтену үдерісінің когнитивтік  құрылымдары;
– терминологиялық инновациялардың пайыздық арақатынасы стандартталатын, нормаға сәйкес келетін, келмейтін бірліктер құрамы, тобының лингвомәдени аспектісі;
– терминдерді біріздендіру, жүйелеу, реттеу мәселелерінің лингвистикалық принциптері;
– терминжасам мәселеріне байланысты (лингвистикалық) сала мамандарына қажетті әдістемелік ұсыныстар әзірлеу;
– жаңа терминдерді жіктеу, жүйелеу, жетілдіру және оларды қазақ тілінде түзудің ғылыми негіздемелері;
– қазақ терминологиясының бірыңғай ұлттық тілдік субстратының тілдік бірегейлікті, ұлт бірегейлігі мен ұлтты тұтастырудағы маңызы;
– қазіргі кездегі ғылыми мәтіндер мен ғылыми дискурс қолданыстарындағы термин дефинициясы метамәтінін талдау арқылы қазақ терминдерінің ұлттық тілдік субстанциясының ғылыми-теориялық негіздері;
– қазақ ғылыми мәтіндерінде орын алып жүрген аударма терминдер мен дифиницияларды іріктеп, олардың картотекалық (электрондық) базасын дайындау және ортақ біріздендірілген терминдер жүйесін жасау мәселелері;
– қазақ терминдері дамуының ұлттық бағыттары, қазақ терминтанымының когнитивтік, комуникативтік, функционалдық аспектілері.
Болашақтағы зерттеу бағыттары:
Қазіргі дүниежүзілік тіл білімінің даму барысында оның өзекті мәселелерінің бірі – тілдік нысандарды прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын қолға алу болып отыр. Себебі әлемдік мәдениеттер арасында ұлттың өзіндік табиғаты мен бет-болмысы алдымен тіл арқылы, оның тілдік санасы арқылы танылады. Тіл ойлау мен мінез-құлық нормаларын орнатып, логикалық категориялар мен тұтас концепциялардың қалыптасуына басшылық ету негізінде адамның жеке және қоғамдық өмірінің барлық салаларына еніп, оның мәдениет формаларын айқындайды. Тілдің жүйелі құрылымына негізделген ішкі бай мүмкіндіктері оның ғаламның бейнесінде қалыптасқан ұлттық ойлау үрдістері мен сан салалы қоғамдық қатынастарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Лингвокогнитивтік, лингвомәдениеттанымдық зерттеулердің мазмұны белгілі бір халықтың салт-дәстүрлері мен тұрмыс-тіршілігінің, дүниетанымының тілде таңбалануы ерекшеліктерін қарастырудан тұрады. Сонымен бірге халықтың ділі де миллиондаған адамдар мінез-құлқының психологиялық детерминанты, әлеуметтік-мәдени өзгерістердің инварианты ретінде осы тіл білімі салаларының зерттеу нысаны болып табылады. Бұның дәлелі ретінде «сипаттамалы» ғылымнан «түсіндірмелі» ғылымға ауысқан тіл білімінің жаңа мәртебесін атап көрсетуге болады. Тіл мен ойлау, тіл мен мәдениет, тіл мен таным арасындағы байланыстарды айқындаудағы негізгі құрал – тіл жүйесін сөйлеуші тұлға тұрғысынан қарастыру болып табылады.
Жалпы лингвистиканың даму бағытына орай көптеген тілдік зерттеулердің мақсаттары да өзгерді: дәстүрлі зерттеулердің негізгі аспектісі – тілдік бірліктің, тілдік таңбаның ерекшелігін қарастырудан, ғалымдар оның ішкі тілдік талдануына назар аудара бастады. Яғни функционалдық бағыттың аясында тілдік бірлік тек лингвистикалық нысандардың бірі ретінде ғана қарастырылып қоймай, сонымен бірге тілдің функционалдық табиғатын зерттеуге көмек болатын тәсілдердің бірі ретінде де қарала бастады.
Сонымен функционалдық бағыттың дамуы, тіл білімі үшін, оның жіктемелік-құрылымдық парадигмасынан сөзсіз ұтымды екендігін дәлелдеп, тілдік шығармашылық маңызының көптеген концепцияларынан тұратын антропоөзектілік бағытқа ауысуын жүзеге асырды. Қазіргі лингвистикалық зерттеулер тілдік талдаудың көпқырлылығы мен көпаспектілігін меңзейтін тілдік бірліктің күрделі құрылымын айқындайды. Сонымен бірге тілдік зерттеулердің ойлау категориясына қатысты ғылым салаларымен дәстүрлі байланысы тіл біліміне когнитивтік бағыттың белсенді түрде енгізілуін қамтамасыз етті. Функционалдық бағыт аясында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде айқындалған көптеген тілдік феномендер қазіргі кезде когнитивтік лингвистика саласында қарастырыла бастады. Яғни тіл білімі қалыптасуы мен дамуы логикасының өзін, бір-бірінің орнына келген прагматикалық-прескриптивтік, жіктемелік-құрылымдық және функционалдық бағыттар когнитивтік лингвистикадеп аталатын жаңа бағыттың пайда болуына негіз болды.
Когнитивтік лингвистика бір жағынан бұрыннан келе жатқан дәстүрді жалғастыратын болса, екінші жағынан қазіргі ғылыми танымға тән белгілерге ие болады. Егер де осы кезге дейін дәстүрлі лексикология, терминология, ономастика т.б. салалар тілдік таңбаны талдау шеңберінде ғана болған болса, когнитивтік бағыт бұл салаларды «ашық» ғылымға айналдырып, олардың зерттеу шеңберлерін кеңейтіп, интеграциялық үдерістерге жол ашты. Ал бұл үдерістер зерттеулердің пәнаралық бағдарламаларының жасалуына негіз болатыны заңды.
Қазіргі лингвистиканың тағы бір жетістігі бұл – антропоөзектілік, яғни тіл құрылысының сырын, оны қолданушы адам арқылы түсіндіру. Антропоөзектілік пәнаралық синтездің жетекші бағыты болып саналады. Өйткені тіл жүйесінің, мәтіннің аталымдық ұйымдастырылуын және тілдік тұлға қалыптасуындағы адам факторын негізге алады. Сондықтан да тіл білімі салаларының когнитивтік терминтаным немесе когнитивтік ономастика деп аталуының өзі пәнаралық, салааралық синтезге алып келеді.
Сонымен болашақта терминология бөлімі жүргізетін зерттеулердің басты мақсаты –  тіл білімінің осы кезге дейін тілдік жүйені тілдің деңгейлері арқылы қарастырып, қол жеткізген жетістіктерін пайдалана отырып, соңғы он жылдық көлемінде қарқынды дамү үстіндегі лингвистиканың антропоөзектілік парадигмасы аясында, тілдің аталымдық құрамы мен құрылымдық қорларын зерделеу әдістерінің синтезін басшылыққа алу негізінде басты кейіпкерлері сөйлеуші-тыңдаушы болып табылатын сөйлеу-ойлау актілерін коммуникативтік-дискурстық актілерге айналдыру тетіктерін кешенді түрде зерттеу.
Алға қойылған мақсатты орындау үшін мынадай нақты міндеттер белгіленді:
– қазіргі тіл білімінің басты принципі –  тілдегі адам факторын қарастыру болып табылады. Яғни, біріншіден, сөйлеу субъектісінің өз коммуникативтік потенциясына, адресат факторына және дүние туралы екуіне бірдей ортақ аялық білімдеріне байланысты тілді пайдалану ерекшеліктерін зерттеу;
– екіншіден, керісінше, адам бойындағы тілдік факторды зерттеу, яғни ғаламның мәдени-тілдік бейнесі қалайша адамға әсер етеді, қалайша оның тілдік санасын, сонымен бірге оның мәдени-ұлттық сана-сезімін, оның дүниеге деген көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастырады  және т.б. сұрақтарға жауап табу.
Сонымен бірге, тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес одағы құрамында болған республикаларда түрлі әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және тілдік жағдаяттар қалыптасты. Бұл ретте басқа ортаазиялық мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстан Республикасының басты ерекшелігі мен бірегейлігі, оның үлкен жер аумағында жүзден астам түрлі этностардың қазақтармен бірге өмір сүруінде болды. Осыған орай отандық лингвистикада қарым-қатынас үдерістерінің әлеуметтік шарттары мен әлеуметтік-мәдени факторлары, этногенетикалық үдерістердің тілдік салдары және халықтардың этникалық араласуының рөлі, түрлі халықтардың ғалам бейнесінің ұлттық-вербалды берілу өзгешелігі  мен әрбір этносқа ғана тән ұлттық-мәдени ассоциациалардың пайда болу ерекшеліктері т.б.зерттеу мәселелерінің өзектілігі арта түсті.
Кез келген дамыған әдеби тілдегі ұлттық пен интернационалдылықтың ара жігін ажыратып беру мәселесі – әмбебап және күрделі міндеттердің қатарына жатқызылады. Көптеген тілдер үнемі өзараәрекеттестікте болып, өз тілдік қорларын кірме сөздер арқылы жаңартып және байытып отырады. Бұл жоба үшін белгілі бір тілдің (фонетикалық, грамматикалық, лексика-семантикалық, терминологиялық) деңгейінде орын алатын нағыз ұлттық элементті және қазіргі кездегі тілдік фактілерді (терминдерді т.б.) салыстырмалы-типологиялық аспектіде айқындап беру амалдары, критерийлері қаншалықты күрделі және қиын болғанымен аса маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда қазақ терминологиясы үшін мынадай мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығы ерекше сипатқа ие болып отыр:
– тілдік, терминологиялық қатынастардың когнитивтік тетіктері зерттеу;
– терминологиялық кірмелер мен олардың стандарттылығы, тілдік нормаға сәйкестілігі, үдерістің саналы жүргізілуі мен мақсатты ұстанымның міндеттілігі сияқты принциптері талдау;
– ғаламның тілдік бейнесінің қалыптасу үдерістері мен тілдік бірліктердің ортақ болуына әсер ететін факторлар қарастыру (тіларалық ауызша коммуникация шарттары, атау берушінің денотатты тілдік вербалдау қажеттілігі, тілдік ұжым, сөзшығармашылық, терминшығармашылық үдерістерінің  ұлттық (түркілік) табиғаты және т.б.);
– ғаламның тілдік бейнесіне, ғаламның ғылыми тілдік бейнесіне ықпал ететін негізгі лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар анықтау: жеке тәжірибе, адам психологиясы, жеке тұлға мен қоғамның рөлі, сыртқы шарттардың ықпал етуі, тілдік жүйе, ақиқат болмыс туралы ой-пайымдау;
– ортақ түркілік сөздік қор жалпы тілдік кеңістіктің бір бөлігі, ғаламның тілдік бейнесін белгілеудің әмбебап категориясы ретінде қарастыру.
Лингвистиканың зерттеу парадигмасына іргелес ғылымдардың, әсіресе әлеуметтік лингвистика мен  когнитивтік лингвистиканың әдіснамалық амалдарының енгізілуі  тілдік қатынастар мен олардың нәтижелерін зерттейтін білім теориясына жаңаша екпін алып келді. Кез келген тілдік қатынас – бұл этноәлеуметтік-психолингвистикалық феномен болып табылады. Оның түрлі қырлары  бірнеше аспектіде зерттеуде қажет етеді: әлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық, этноәлеуметтік, когнитивтік, лингвистикалық. Осыған орай тек тілдерді зерттеу міндеті ғана емес, сонымен бірге халықтар арасындағы өзараәрекеттестіктерді де қарастыру мәселесі арта түседі, себебі тілдік қатынастардың қарқындылығы, оның табиғаты мен түрлері тікелей ортақ іс-әрекеттерді жүзеге асыру барысында тілдесімге түсетін халықтардың әлеуметтік өзараәрекеттестіктеріне байланысты. Сондықтан да мұндай жұмыстардың өзектілігі белгілі бір лексикалық, терминологиялық жүйенің синхронды жағдайын зерттеу  арқылы әрбір тілдің ұлттық дамуы мен өзіндік ерекшелігін айқын анықталуымен сипатталады. Сонымен болашақ зерттеулердің негізгі бағыттары:

  • қазақ терминологиясының лингвокогнитивтік аспектісі;
  • қазақ тілтанымының терминологиялық базасы;
  • қазақ терминологиясының прагматикалық аспектісі;
  • қазақ терминографиясының ғылыми-практикалық негіздері;
  • терминологияның функционалдық бағыты;
  • кәсіби тілдік тұлға мәселелері;
  • ғылыми коммуникация негіздері.

ТЕРМИНОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫ ЕҢБЕКТЕРІ

  • 1. Тіл мәдениеті және баспасөз (ұжымдық еңбек). – Алматы: Ғылым, 1968, 160 б.
    2. Айтбаев Ө. Аудармадағы фразеологиялық құбылыс. – Алматы: Ғылым, 1975. – 228 б.
    3. Өрелі өнер (ұжымдық еңбек). – Алматы, 1976. – 126 б.
    4. Сөз өнері (ұжымдық еңбек). – Алматы: Ғылым, 1978 – 7 б.т.
    5. Айтбаев Ө. «… ұлт саясатын бұрмалаушылар». – Алматы: Ғылым, 1981.
    6. Қазақ терминологиясының мәселелері (ұжымдық еңбек). – Алматы: Ғылым, 1986. – 10 б.т.
    7. Аударманың лексикалық-стилистикалық мәселелері (ұжымдық еңбек). – Алматы: Ғылым, 1987. – 10 б.т.
    8. Айтбаев Ө.Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. – Алматы: Ғылым, 1988. – 208 б.
    9. Термин және олардың аудармалары (ұжымдықеңбек). – Алматы: Ғылым, 1990. – 12 б.т.
    10. Айтбаев Ө. Қазақсөзі (қазақ терминдерінің негіздері). – Алматы: Рауан, 1997. – 240 б.
    11. Айтбаев Ө. Основы казахской терминологии. Изд. «Арыс», Алматы, 2000. – 198 стр.
    12. Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы, «Арыс» баспасы, 2007. – 45 б.т.
    13. Құрманбайұлы Ш. Алаш және терминтану. – Алматы, «Ел-шежіре». ҚҚҚ. 2008. – 240 б.
    14. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері. Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. – 240 б.
    15. Құрманбайұлы Ш. Терминтану. Оқуқұралы. – Астана, 2009. – 160 б.
    16. Құрманбайұлы Ш, Жұбаева О. Терминология мәселелері. І т. «1С-Сервис» ЖШС, 2006. – 288 б.
    17. Құрманбайұлы Ш, Е.Әбдірәсілов, Ә.Әміров. Терминология мәселелері. ІІ т. «1С-Сервис» ЖШС, 2006. – 288 б.
    18. Айдарбек Қ.Ж. Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық негіздері. – Алматы: «Мемлекеттік тілдерді дамыту институты», 2010. – 364 б.
    19. Қазақша-орысша қоғамдық ғылымдар терминдерінің сөздігі. Орысша-қазақша қоғамдық ғылымдар терминдерінің сөздігі (ұжымдықеңбек). – Алматы, фирма «Орнак» ЖШС. 2010. – 656 б.
    20. Жонкешов Б.С. Терминдік бірліктердің лексикалық және т.б. тілдік бірліктерден айырым және ұқсас белгілері // «Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» атты халықаралық ғылыми теориялық конференция. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007 ж. 25-27 бб.
    21. ЖонкешовБ.С. Қошке Кемеңгерұлы мұрасының ұлттық терминқор қалыптастырудағы рөлі // Теоретические и практические аспекты обучения языкам и литературе (выпуск ХХ). – Т.:ТДЮИ нашриети, 2010. 90-95 бб.
    22. Жонкешов Б.С. Термин дефинициясы турасында // Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы. 2010. №3 106-110 бб.
    23. Жонкешов Б.С. Кейбір лингвистикалық терминдерді стандарттау жайында // Тілтаным 2010 №2. 61-65 бб.
    24. Жонкешов Б.С. Қошке Кемеңгерұлы және химия терминдері // Терминологиялық хабаршы. 2010. №2. 4-14 бб.
    25. Жонкешов Б.С. Стандарттау және қазақ терминологиясы. Қазіргі қазақ грамматикасы мен терминологиясын зерттеудің негізгі бағыттары. – Алматы, 2010. 203-207 бб.
    26. Әшімбаева Н. Ғұн дәуіріндегі түркілік атақ-лауазымдар туралы // «Қазақ тіл білімі мен түркітану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Жібек жолы, 2007. – ББ 278-281.
    27. Әшімбаева Н. Қазақ халқының битану дәстүріне мәдени-философиялық талдау (Л.Асқарменбірге) // Философия. Мәдениет. Ойлау. ІV Қасымжанов оқулары: Халықаралық ғылыми конференция материалдары. – Алматы, 2008. – ББ 229-236.
    28. Әшімбаева Н. Қазақтың бұрынғы ел басқару құрылымына қатысты кейбір атаулар // Терминологиялық хабаршы. – Астана, 2009. – №2(28). – ББ 31-38.
    29. Әшімбаева Н. Қазақ терминологиялық қорын қалыптастырудың және реттеудің лингвоәдістанымдық принциптері // Профессор Ж.А.Манкееваның 60 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2010.
    30. Әшімбаева Н. Атақ-лауазымға қатысты атаулардың мақал-мәтелдердегі тілдік репрезентациясы және уәжділігі // Көрнекті тілші ғалым, белгілі түркітанушы Құлмат Өмірәлиевтің туғанына 80 жыл толуына арналған халықаралық дөңгелек үстел материалдары. – Алматы, 2010.
    31. Нурмышева Ш. Киноаударма мәтінінің фонетикалық талдануы // Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. – Алматы : «Кие», 2009. – 78-83 бб.
    32. Нурмышева Ш. Терминдердің көркем мәтіндегі қолданыс ерекшелігі //Қазіргі қазақ грамматикасы мен терминологиясын зерттеудің негізгі бағыттары. – Алматы, 2010. – 241-245 бб.
    33. Нурмышева Ш. Ғылыми мәтіндерден терминдерді іріктеу мақсаты // Тіл және мәдениет: тілдің антроөзектілік парадигмасы. Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2010. – 89-93 бб.
    34. Шүленбаев Н. Терминдерді біріздендіру, реттеу және сөздіктерде беру жайында. Тілтаным. №№1-2 – Алматы, 2011.
    35. Шүленбаев Н. Терминжасам және кейбір сөздердің қолданылуы туралы. Тілтаным. №№ 3-4. – Алматы, 2011.
  •  

ф.ғ.д., доцент Қ.Ж.Айдарбектің (2009-2011 ж.ж.) мақалалар тізімі:

1) Қ.Ж.Айдарбек. Терминологиялық аталымның ономасиологиялық типологиясы жайында // Ізденіс (гуманитарлық ғылымдар сериясы), №1(1), 2009. – Б.199-203;
2) Қ.Ж.Айдарбек. Терминологиялық аталымның жасанды және табиғи түрлері // Ұлт тағылымы (ғылыми-педагогикалық басылым), №1(1), 2009. – Б.279-282;
3) Қ.Ж.Айдарбек. Аталым альтернативтілігінің лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлары // Ұлт тағылымы (ғылыми-педагогикалық басылым), №1, 2009. – Б.256-260;
4) Қ.Ж.Айдарбек. Неологиялық терминжасам және нормативтік параметрлер // «Оқытушылардың бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жолдары» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары: Екі томдық. II том. – Шымкент, 2009. – Б.303-308;
5) Қ.Ж.Айдарбек. Терминологияны стандарттау – терминологиялық жұмыстардың ең бір маңызды бөлігі. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері / Жауапты С.Құлманов. – Алматы: «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығы», 2009. Б.47-52;
6) Қ.Ж.Айдарбек. Аталымдық процестердің негізгі принциптері. Вестник КАУ: Научно-методический журнал Кыргызского аграрного университета. – Бишкек, №2(13), 2009. Б.149-152;
7) Қ.Ж.Айдарбек. Ономасиологические проблемы терминографии и словообразования. Халқ таълими илмий-методик журнал. – Тошкент, №6-сон (Ноябр-Декабр), 2009 йил. С.129-132;
8) Қ.Ж.Айдарбек. Терминжасам үрдісінің алғашқы кезеңі. Шыңжаң қоғамдық-ғылыми мінбесі. ҚХР, Үрімші, 2009, №2. Б.59-64;
9) Қ.Ж.Айдарбек. Денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру салалры қызметкерлеріне арналған орысша-қазақша тілашар. Ш.Құрманбайұлымен бірлесіп дайындалған терминологиялық тілдескіш. Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, Астана, 2009 ж. 312 б.;
10) Қ.Ж.Айдарбек. Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық негіздері. Ғылыми монография. Алматы: «Мемлекеттік тілді дамыту институты», 2010 жыл. 384 б.;
11) Қ.Ж.Айдарбек. Терминологиялық бірліктердің жүйелілікке негізделген бірігуі туралы. Қазіргі қазақ грамматикасы мен терминологиясын зерттеудің негізгі бағыттары / Жауапты редактор Ш.Құрманбайұлы. – Алматы, 2010. Б.11-16;
12) Қ.Ж.Айдарбек.  Қазақша-орысша қоғамдық ғылымдар терминдерінің сөздігі/Орысша-қазақша қоғамдық ғылымдар терминдерінің сөздігі. Фирма «ОРНАК» ЖШС. – Алматы, 2010 (құрастырушылардың бірі);
13) Қ.Ж.Айдарбек. Универбтердің терминологиядағы жүйелілік принципін қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы. «Оқытудың ақпараттық технологиялары негізінде инновациялық білім беруді жетілдіру жолдары» атты халықарылық ғылыми-практикалық конференция еңбектері. I том, Шымкент, 2011. Б.16-20;
14) Қ.Ж.Айдарбек. Некоторые семантические особенности производных слов.Тілтарихыжәнесөзтабиғаты//Материалы научной конференции, посвященной 90-летию Г.Г.Мусабаева// ИЯ им. А.Байтурсынулы МН-АН РК. – Алматы, 1997. С.52-59;
15) Қ.Ж.Айдарбек. Отглагольныесуществительные со значением лица вказахском языке. Тілдікжүйежәнеқұрылым //Материалы научной конференции, посвященной 90-летию М.М.Балакаева // ИЯ им. А.Байтурсынулы МН-АН РК. – Алматы, 1997. С.95-100;
16) Қ.Ж.Айдарбек. О неологии и об определении неологизмов. Профессор Н.Оралбаева және қазақ тіл білімінің мәселелері// Материалы республиканской научно-теоретической конференции, посвященной 70-летию проф. Н.Оралбаевой. – Алматы: АГУ, 1998. С.83-86;
17) Қ.Ж.Айдарбек. Адамға қатысты айтылатын күрделі сөздердің сипаттамасы. «Ахметтану тағылымдары»  А.Байтұрсынұлының 125 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары// А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты – Алматы, 1998. 164-169 бб.;
18) Қ.Ж.Айдарбек. Пять этапов процесса именования лиц в казахском языке. Вестник АН РК, 1998, №4. С.64-68;
19) Қ.Ж.Айдарбек. «Қазақша-орысша сөздік» (құрастырушылардың бірі – «Н», «Э»). – Ұжымдық еңбек. Алматы: Дайк-Пресс, 2001 ж. 1008 б.;
20) Қ.Ж.Айдарбек. Уәжтану терминдерін жүйелеу жайында. ҚР БжҒМ ҰҒА Хабарлары, 2002, №3 (133). Б.31-35.;
21) Қ.Ж.Айдарбек. Қазақ және орыс тілдеріндегі тұрақты теңеулердің лингвомәдени сипаты.Тілтаным, 2004, №4. Б.15- 19;
22) Қ.Ж.Айдарбек. Қазіргі тіл біліміндегі лингвомәдениеттану бағытындағы зерттеулер жайында. «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ филологиясының мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. Б.72-74.;
23) Қ.Ж.Айдарбек. Тілдік бірліктердің семантикалық және уәждеуіш белгілері. Академик Рәбиға Сыздық және қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. Б.101-104;
24) Қ.Ж.Айдарбек. «Орысша-қазақша сөздік» (құрастырушылардың бірі – «З», «Л», «О», «У», «Ч»). – Ұжымдық еңбек. Алматы: Дайк-Пресс, 2005. 1152 б.;
25) Қ.Ж.Айдарбек. Қазақ тіліндегі аффиксоид тұлғалардың сипаты мен түрлері. Мемлекеттік тілде аграрлық маман даярлау: жаңа мақсат, жаңа жүйе: Республикалық ғылыми-әдістеме конференциясы. – Алматы, 2006. Б.61-64.
26) Қ.Ж.Айдарбек. Атаулану процесінің ұғымдық негізі. Тілтаным, 2006, №1.Б.38-41.;
27) Қ.Ж.Айдарбек. Терминдік бірліктердің ономасиологиялық негізі мен ономасиологиялық белгісі. Қазақ тіл біліміндегі функционалдық бағыт: Профессор Қ.М.Есеновтың туғанына 75 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Тіл білімі институты, 2006. Б.129-133;
28) Қ.Ж.Айдарбек. Ономасиологиялық категориялар аталымның негізгі бірліктері. ҚазҰУ Хабаршысы, 2006, №6 (96). Б.77-80;
29) Қ.Ж.Айдарбек. Қазақ тіліндегі қысқарған сөздердің аталымдық сипаты. Тілтаным, №3 (23), 2006. Б.51-55;
30) Қ.Ж.Айдарбек. Терминжасамдағы семантикалық дериваттардың рөлі. ҚР ҰҒА Хабарлары, 2006, №5 (159). Б.28-31;
31) Қ.Ж.Айдарбек. Қазақ тіліндегі кірме атаулардың ономасиологиялық сипаты. Тілтаным, 2006, №4.Б.8-13;
32) Қ.Ж.Айдарбек. Академик Ө.Айтбайұлының еңбектеріндегі қазақ терминологиясының ғылыми-теориялық мәселелері. Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі: Академик Ө.Айтбайұлының 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: «Арыс», 2007. Б.9-11;
33) Қ.Ж.Айдарбек. Терминдерді ономасиологиялық тұрғыдан зерттеу мәселелері.Қазақ тіл білімі мен түркітану мәселелері: Академик І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаевтың 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: «Жібек жолы», 2007. Б.274-277;
34) Қ.Ж.Айдарбек. Кәсіп иелері атауларын кезеңдерге бөліп қарастыру жайында. ҚР ҰҒА Хабарлары, 2007, №6. Б.33-36;
35) Қ.Ж.Айдарбек. Фразеологизмдер, тұрақты теңеулер құрамындағы мәдени коннотация. Тілтанымдық зерттеулер (2003-2005 жж.) / Жауапты ред. Н.Уәли, М.Малбақов. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. Б.177- 182;
36) Қ.Ж.Айдарбек. Кәсіп иелері атауларының терминдік ерекшеліктері. «Қазақ тілі ғасырлар тоғысында: теориясы, тарихы және қазіргі жайы» атты профессор М.Балақаевтың 100 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары: ҚазҰУ, Алматы,  2007. Б.135-141;
37) Қ.Ж.Айдарбек. Ономасиологиялық талдау барысындағы «тіл» мен «сөйлеудің» өзара әрекеттестігі жайында. Тілтаным, 2007, №4. Б.19-24;
38) Қ.Ж.Айдарбек. Терминологиялық аталымдық процестің ономасиологиялық ерекшеліктері жайлы.Тілтаным, 2008, №2.Б.53-57;
39) Қ.Ж.Айдарбек. О дифференциальных признаках терминологической единицы. Түркологиялык жыйнак. – Бишкек: Bilge, 2008. С.9-14;
40) Қ.Ж.Айдарбек. О динамико-процессуальной природе терминологической номинации. Түркологиялык жыйнак. – Бишкек: Bilge, 2008. С.22-27;
41) Қ.Ж.Айдарбек. Терминжасам процесінің кейбір мәселелері жайында. Терминологиялық хабаршы, №2 (24), Астана, 2008. Б.35-40;
42) Қ.Ж.Айдарбек. Адамға қатысты атаулар терминденуінің дәрежелері.
Терминологиялық хабаршы, №3 (25), Астана, 2008. Б.6-11;
43) Қ.Ж.Айдарбек. Терминологиялық аталым мен лексикалық аталымның арақатынасы туралы. ҚР ҰҒА Хабарлары, 2008, №4.Б.41-44;
44) Қ.Ж.Айдарбек. Терминдердің мазмұндық-құрылымдық ерекшеліктері.«Бизнес и образование: вектор развития»: Материалы VII Международной научно-практической конференции, посвященной 20-летию МАБ. – Алматы, 2008. С.428-432;
45) Қ.Ж.Айдарбек. Терминдердің мазмұндық-құрылымдық ерекшеліктері. «Бизнес и образование: вектор развития»: Материалы VII Международной научно-практической конференции, посвященной 20-летию МАБ. – Алматы, 2008. С.428-432;
46) Қ.Ж.Айдарбек. Универбтену құбылысының терминжасамдағы сипаты. Ізденіс (гуманитарлық ғылымдар сериясы), №4(2), 2008. Б.154-158;
47) Қ.Ж.Айдарбек. Қазақ терминологиялық аталымының ұйымдық-мақсатты кезеңдерінің жалпы сипаты. Ғылыми басылым. Ташкент, «PoliPrint» 2008.36 б.;
48) Қ.Ж.Айдарбек. Аударма мәселелері және терминология. Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). Құраст.: Құлманов С. – Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008. Б.157-166.
49) Қ.Ж.Айдарбек. Терминжасам тәсілдері және қазіргі терминологиялық аталым ерекшеліктері. Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). Құраст.: Құлманов С. – Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008. Б.166-177б.;
50) Қ.Ж.Айдарбек. Қазақ терминологиялық аталымының алғашқы кезеңі. Ғылыми басылым. Ташкент, «PoliPrint»  2008.36 б.;
51) Қ.Ж.Айдарбек. Терминжасам мен сөзжасамның ономасиологиялық сипаты. «Евразияшылдық идеясы контекстіндегі Қазақстан түркітануы: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Астана, «1С-Сервис», 2008. Б.678-682;
52) Қ.Ж.Айдарбек. Арнаулы терминологиялар қалыптастырудағы терминологиялық аталымның кезеңдік сипаты. «Евразияшылдық идеясы контекстіндегі Қазақстан түркітануы: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Астана, «1С-Сервис», 2008. Б.672-677;
53) Қ.Ж.Айдарбек. Қалдырған ізің – мәңгілік. Концептосфера – ғаламның ұлттық тілдік бейнесінің негізі / Жауапты редактор З.Ахметжанова. – Алматы, 2010. Б.16-20;
54) Қ.Ж.Айдарбек. Терминологиялық бірліктердің жүйелілікке негізделген бірігуі туралы. Тілтаным, 2010, №4. Б.11-16;
55) Қ.Ж.Айдарбек. Қазақ терминологиясының жүйелілік принципі жайында. Қазіргі қазақ грамматикасы мен терминологиясын зерттеудің негізгі бағыттары / Жауапты редактор Ш.Құрманбайұлы. – Алматы, 2010. Б.198-203;
56) Қ.Ж.Айдарбек. Универбтердің терминологиядағы жүйелілік принципін қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы. «Оқытудың ақпараттық технологиялары негізінде инновациялық білім беруді жетілдіру жолдары» атты халықарылық ғылыми-практикалық конференция еңбектері. I том, Шымкент, 2011. Б.203-207;
57) Қ.Ж.Айдарбек. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық сөздік. 10 том (құрастырушы «Л»). Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Ұжымдық еңбек. Он бес томдық. 10-том. – Алматы, 2011.  Б.647-719;
58) Қ.Ж.Айдарбек. Профессор Б.Әбілқасымовтың еңбектеріндегі терминология мәселелері. Қазақ тілінің тарихы мен түркітану мәселелері. – Алматы: А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, 2011. Б.32-37;
59) Қ.Ж.Айдарбек. Сөзжұмсамдық және терминологиялық зерттеулер жөнінде. Қазақ тіл білімі: тарих, тәжірибе, болашақ. Халықраралық ғылыми-теориялық конференция материалдарының жинағы. – Алматы: «Шапағат Нұр» баспасы, 2011. Б.180-183;
60) Қ.Ж.Айдарбек. Терминология бөлімінің тарихы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. 50 жыл. – Алматы: «Шапағат Нұр» баспасы, 2011. Б.155-179;

Терминология бөлімінің аға лаборанты А.А.Аккузованың мақалалар тізімі:

1. ф.ғ.к., доцент Құлманов С., Аккузова А.А. Қабыса байланысқан сын есімді сөз тіркестері (М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша) // «Педагогикалық білімінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми педагогикалық конференциясы. Шымкент, 2006. – 13-15 б.;
2. ф.ғ.к., доцент Сманова Б., Аккузова А.А. Қабыса байланысқан сан есімді сөз тіркестері (М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша) // «Педагогикалық білімінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми педагогикалық конференциясы. Шымкент, 2006. – 15-17 б.;
3.ф.ғ.к.,доцент Ақкөзов Ә., Аккузова А.А. Ұстаз туралы ой // «Жас ғалым» оқушыларға арналған танымдық журнал. Шымкент, 2006. – 26-29 б.;
4. ф.ғ.к., доцент Сманова Б., Аккузова А.А.Тефсир тіліндегі нақтылы өткен шақ формасы // Зерттеуші ғылыми журналы. Шымкент, 2006. – 117-120 б.;
5. Аккузова А.А. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы көңіл-күй етістіктері // Тілтаным. Алматы, 2006. – 86-92 б.;
6. ф.ғ.к., доцент Қайырбекова Ұ., Аккузова А.А.Тіл жүйесіндегі лексикалық парадигма ұғымы // «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» атты халықаралық ғылыми педагогикалық конференциясы. Шымкент, 2011. – 167-171 б.;
7. Аккузова А.А. Сөз мағынасының берілу жолдары // «Қазіргі жағдайдағы мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясат және оны іске асыру мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми педагогикалық конференциясы. Шымкент, 2011. – 368-372 б.;
8. Аккузова А.А. Салалас құрмалас сөйлемнің парадигмасы // «Қазіргі заман иновациялық технологиялары» атты студенттердің 17 аймақтық ғылыми педагогикалық конференция материалдары. Шымкент, 2011. – 86-90 б.;
9. Аккузова А.А. Газет бетіндегі жарнама тілінің прагмалингвистикалық сипаты// Тілтаным №3-2011. Алматы, 2011. – 159-162б.;
10. Аккузова А.А. Мүмкіндік модалділік өрісін білдірудің лексика-грамматикалық тәсілдері// Materialy VIII miedzynarodowej naukowi – praktycznej konferencji. «Naukowa mysl informacyjnej powieki – 2012». – Przemysl, (07-15 marca 2012 roku), 2012. – 43-47б.;
11. ф.ғ.к., доцент Ақкөзов Ә.Ә., Аккузова А.А.«Қара» сөзінің функциялық ерекшелігі// Вестник №1 (5) 2012. Шымкент, 2012. – 45-49б.;
12. ф.ғ.к., доцент Ақкөзов Ә.Ә., Аккузова А.А. Салыстырма, талғау және кезектес мәнді құрмалас сөйлемдер// «Елбасы жолдауы және тіл біліміндегі жаңа ізденістер» атты Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Шымкент, 2012. – 41-45б.;