Сайт находится в стадии разработки

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты

Лексикология бөлімі

ЛЕКСИКОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты лексикология бөлімінің меңгерушісі – Манкеева Жамал Айтқалиқызы, филология ғылымдарының докторы: 10.02.06 – түркі тілдері (1997 ж.), профессор (2002 ж.).

Ж.А.Манкеева 1950 жылы 26 сәуірде Орал облысы, Шыңғырлау ауданы, Шілік кеңшарында туған.

1972 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік дипломмен бітіріп, осы университеттің аспирантурасына (күндізгі бөліміне) қалдырылған. 1977 жылдан осы кезге дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қызмет істейді.

2001 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры ретінде қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар бойынша дәріс оқиды. 

ҚР жоғары оқу орындарын бітіруші мамандарды даярлау ісіне  мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы ретінде атсалысады. Мемлекеттік тілді оқыту және игеруге байланысты Қазтест жобасына, басқа да оқулықтар мен сөздіктерге сарапшы ретінде қатысады. Қазіргі қазақ тіл білімін  дамытып, жаңа деңгейде зерттеуге байланысты бірнеше ғылыми жобалардың орындаушысы және жетекшісі ретінде еңбек етеді.

1998 жылдан – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.02 – қазақ тілі және 10.02.06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д. 53.38.01 диссертациялық кеңестің мүшесі, 2000 жылдан – диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, 2001 жылдан – лингвистикалық басылым «Тілтаным» журналының жауапты редакторы.

«Реконструкция “мертвых” корней глагольных основ казахского языка» тақырыбында кандидаттық (1987 ж.), «Қазақ тіліндегі мәдени лексика» (1997 ж.) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 

Негізгі айналысатын проблемалары:

  • түркітану;
  • тарихи морфология;
  • тарихи лексикология;
  • этнолингвистика;
  • лингвомәдениеттану;
  • когнитивтік лингвистика;
  • көркем мәтін лингвистикасы;
  • лексикография.  

Басты еңбектері: Реконструкция первичных корней глагольных основ казахского языка (1991 ж.), Мәдени лексиканың ұлттық сипаты (1997 ж.), Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис (2002 ж., авторлардың бірі), Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері (2008 ж.), Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту (2010 ж.), Қазақ филологиясы: егіз негіз (ғылыми мақалалар жинағы – авт.бірл.) 2010 ж., Қазақ әдеби тілі сөздігі (2006 ж., Т.І; 2007 ж., Т.IV; 2008 ж., Т.ХІ, авторлардың бірі), 5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы (2011 ж., авторлардың бірі). Ғалымның жетекшілігімен 22 кандидаттық, 1 докторлық диссертация қорғалды.

Көбей Шахметұлы, филология ғылымдарының докторы: 10.02.06 – түркі тілдері (1988 ж.), профессор (1998 ж.).
1968 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің роман-герман бөлімін бітірген. 1968-1971 жж. ҚР ҒА-ның Тіл білімі институтының аспирантурасында оқыған. 1971 жылдан осы кезге дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында – кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер, Институттың ғалым хатшысы, директордың орынбасары, Институттың директоры. 2009 жылдан – Лексикология бөлімінің бас ғылыми қызметкері. 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.02 – қазақ тілі және 10.02.06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д. 53.38.01 диссертациялық кеңестің мүшесі, төрағасы (1998-2009 жж.) болды. 
«Исследование фонетики и лексики казахского языка в трудах В.В.Радлова» тақырыбында кандидаттық (1971 ж.), «Звукоизобразительность номинации в казахском языке» (1988 ж.) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 
Негізгі айналысатын проблемалары:

  • түркітану;
  • тарихи фонетика;
  • фоносемантика;
  • лексикография;
  • жалпы тіл білімі;
  • салыстырмалы-салғастырмалы лексикология. 

Басты еңбектері: Орысша-қазақша сөздік (1978 ж., Т.І; 1981 ж., Т.ІІ), В.В.Радлов и казахский язык (1981 ж.), Звукоизобразительность в казахском языке (1988 ж.), Дыбысбейнелеуіштік теориясының негіздері (2009 ж.), Казахско-английский словарь-справочник для широкого круга читателей. – Алматы, 2010 және т.б.

 Бизақов Сейдін, филология ғылымдарының докторы: 10.02.02 – қазақ тілі (2002 ж.), профессор (2004 ж.).
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих-филология факультетін (1960 ж.), ҚР ҒА-ның Тіл білімі институтының аспирантурасын (1972 ж.) бітірген. 1972-1975 жж. Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер, 1975-1985 жж. Қаратау қаласындағы ҚазПТИ филиалында кафедра меңгерушісі, 1985 жылдан – Тіл білімі институтының жетекші, бас ғылыми қызметкері. 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.02 – қазақ тілі және 10.02.06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д. 53.38.01 диссертациялық кеңестің мүшесі. 
«Фонетические варианты слов в современном казахском языке» тақырыбында кандидаттық (1972 ж.), «Қазақ тіліндегі сөз варианттары» (2002 ж.) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 
Негізгі айналысатын проблемалары:

  • варианттылық;
  • сөз мәдениеті;
  • салт-дәстүр, ұлттық тәрбие, этикеттің тілдік көріністері;
  • түркітану;
  • лексикография.

Басты еңбектері: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (1978 ж., Т.ІІІ., авт. бірі), Тілдік норма және варианттылық (1997 ж.), Түркі әлемі (1998 ж.), Сөздің жарыспа тұлғалары (1999 ж.), Ветви одного могучего дерева (тюркские народы) (2002 ж.), Көңіл-күй лебіздері (2007 ж.), Синонимдер сөздігі (2007 ж.), Сөз нұсқалары және балама атаулар (2008 ж.), Қазақ тілі қандай тіл? (2010 ж.) және т.б.

 Ғабитханұлы Қайрат, филология ғылымдарының кандидаты: 10.02.06 – түркі тілдері (1996 ж.), доцент (2006 ж.), аға ғылыми қызметкер.
ҚХР Пекин Орталық ұлттар университетінің филология факультетін (1983-1987 жж.), ҚР ҰҒА Тіл білімі институтының аспирантурасын (1992-1995 жж.) бітірген.
1987-1992 жж. ҚХР Пекин Орталық ұлттар университетінің оқытушысы, 1995 жылдан – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкері.
«Наным-сенімге байланысты тұрақты тіркестер» атты тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (1996 ж.).
Айналысатын проблемалары – түркітану, салыстырмалы-салғастырмалы лексикология, этнолингвистика, лексикография.
Басты еңбектері: Қазақ тілі (оқу құралы, 2003 ж.), Қытай тілі (оқулық, 2006 ж.), Жібек жолы қытай тілі оқулығы (қытай-қазақ тілдерінде, 2009 ж.), Қытайша-қазақша-орысша тіл білімі терминдер сөздігі (2009 ж.), Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі (2011), Қытайша-қазақша-орысша тілдескіш (2011) және 70-тен астам мақалалары.

 Хабиева Алмагүл Алтайқызы, филология ғылымдарының кандидаты: 10.02.02 – қазақ тілі (2007 ж.), аға ғылыми қызметкер.
А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің филология факультетін (1993-1997 жж.), ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аспирантурасын (2003-2006 жж.) бітірген.
1997-1998 жж. Орал қаласындағы орта мектептің мұғалімі, 1998-2001 жж. Батыс Қазақстан аграрлық университетінің оқытушысы, 2001-2003 жж. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, 2006 жылдан – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкері.
«Тарихи лексиканың мазмұндық құрылымдағы коннотаттық компоненттер (Махамбет шығармашылығы негізінде)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (2007 ж.).
Айналысатын проблемалары – көркем мәтін лингвистикасы, лингвопоэтика, коннотация, екіншілік номинация; 2011 жылдан – Қазақстандағы көптілділік мәселесі. 
Басты еңбектері: «Тарихи лексиканың мазмұндық құрылымдағы коннотаттық компоненттер (Махамбет шығармашылығы негізінде)» атты канд. дисс. авторефераты, 20-дан астам ғылыми мақалары.

Әмірбекова Айгүл Бәйдебекқызы, филология ғылымдарының кандидаты: 10.02.02 – қазақ тілі (2006 ж.), аға ғылыми қызметкер.
Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетін (1998-2002 жж.), ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аспирантурасын (2003-2006 жж.) бітірген. 2006 жылдан бастап осы Институтта қызмет істейді.  
«Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (2006 ж.).
Айналысатын проблемалары – көркем мәтін лингвистикасы, лингвопоэтика, когнитивтік лингвистика; 2011 жылдан – Қазақстандағы көптілділік мәселесі. 
Басты еңбектері: «Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша)» атты канд. дисс. авторефераты, «Қазіргі қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар» монография авторы (2011), 30-дан астам ғылыми мақалары бар.

Әділбекова Жанар Болатқызы – Лексикология бөлімінің аға лаборанты 

1989 жылы 18 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Алматы қаласының 15-лингвистикалық гимназиясын бітірді. Мектеп қабырғасында 2001 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектептік, облыстық, қалалық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университтетінің «Филология факультеті: қазақ тілі» мамандығын үздік дипломмен аяқтап, осы оқу орнының «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша магистратураға қабылданып білім алуда. Қазіргі уақытта «Қазақ эмпатиясының лингвистикалық аспектісі» деген тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде.