Сайт находится в стадии разработки

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты

Кеңестер

Институт жанында Ғалымдар кеңесі, Ғылыми кеңес, Жас ғалымдар кеңесі –алқалық органдар тұрақты жұмыс істейді.

Ғалымдар кеңесі Институттың алқалық-кеңесушілік органы болып табылады. Кеңес Институттың барлық қызмет бағыттары бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, шаруашылық, ғылыми ұйымдастыру, экономикалық, кадрлық, т.б. мәселелерді шешуге қатысады. Институтта Ғалымдар кеңесінің жанынан «Лингвистикалық жұма» семинары құрылып, үздіксіз жұмыс жасап келеді. Мұнда Қазақстандағы лингвистикалық ойдың дамуына, жалпы тіл біліміндегі проблемаларға, жеке зерттеушілердің пікірі мен көзқарастарына қатысты мәселелер талқыланады, апробациядан өткізіледі.

Ғылыми кеңес Институттың ғылыми-өндірістік, яғни ағымдағы жылы айналысып отырған іргелі, қолданбалы гранттық және мақсаттық зерттеу жоба, тақырыптары бойынша туындаған ғылыми проблемаларды шешуге, осы ізденістердің әдістері мен технологияларын анықтап алуға, теориялық негіздері мен практикалық маңызын айқындауға, бұларды ғылыми ұжымның талқысынан өткізуге бағытталған қызмет атқарады. Бұл қызметін Кеңес Ғылыми-өндірістік семинарлар түріндегі отырыстары арқылы жүзеге асырады. Ғылыми-өндірістік семинар жұмысын Институттың ғылыми жұмысын ұйымдастыруға жауапты әкімшілік қызметтегі маман  жүргізеді.

Жас ғалымдар кеңесі Институттың жас мамандарының ғылыми жұмыспен тиімді айналысу үдерісін ұйымдастыратын, жастардың басқа да әлеуметтік мәселелерін шешуге септігін тигізетін алқалық ұйым.

 

Ғ а л ы м д а р  к е ң е с і

Білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Ғалымдар кеңесі туралы

Е Р Е Ж Е

I Жалпы мәселелер

  1. Ғалымдар кеңесі (бұдан былай – Кеңес) БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының (бұдан былай – Институт) ғылыми қызметі бойынша консультативтік-кеңесу алқалық органы болып табылады.
  2. Кеңестің құрылу және құзырының құрамы мен тәртібі Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес Институттың Жарғысымен анықталады.  Кеңестің құрамына лауазымы бойынша Институт директоры, директордың орынбасары, ғалым хатшы, бөлім және бөлімше меңгерушілері, Жас ғалымдар және кәсіподақ комитетінің өкілдері, жетекші ғалымдар, Институтта жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының  мүшелері және жоғары білікті мамандар кіреді.
  3. Өз қызметінде Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан – 2030» стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы», «Білім туралы» заңдарын, «Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасын», «Қазақстан Республикасының ғылым және білім интеграциясының тұжырымдамасын» және басқа да ғылыми мекемелердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ Институт Жарғысы мен осы Ережені басшылыққа алады. 

 

II Кеңестің негізгі міндеттері

  1. Институттың шығармашылық ұжымдарының ғылыми қызметін үйлестіру.
  2. Институттың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерінің басым бағыттарын анықтау.
  3. Ғылымды ұйымдастыру мен басқарудың демократиялық формаларын дамыту, соның ішінде жалпымемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты қалыптастырып жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттік органдар және қоғамдастықтармен Институттың бірлесіп әрекеттесу бағыттарын іздестіру.
  4. Ғылыми жұмысты ұйымдастыру тәжірибесін зерттеу және тарату.
  5. Халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізу.

 

ІІІ Кеңестің қызметтері

  Өз міндеттерін орындау үшін Кеңес:
- Институт қызметінің негізгі бағыттарын талқылайды;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламалары мен жоспарларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізуді, ғылыми кадрларды дайындау мен олардың біліктілігін арттыруды, конференция, жиналыс және семинарларды өткізуді және т.б. ғылыми ұйымдастыру жұмыстарының жоспарларын қарастырып, бекітуге ұсынады;
- Институттың ғылыми және ғылыми-ұйымдастыру қызметінің нәтижелерінің есептерін қарастырады;
- Институт құрылымының өзгеруіне, сонымен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарына белгіленген шығын көлемін пайдалануға қатысты мәселелерді талқылайды;
- тіл ғылымы мен тілтанымның маңызды проблемаларына қатысты пікірталастар өткізеді, тіл білімі дамуының өзекті мәселелеріне арналған баяндамаларды тыңдап оларға баға береді; 
- басқа ғылыми мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізуді үйлестіру мен шығармашылық бірлестіктердің мәселелерін талқылайды;
- құрылымдық бөлімшелері мен олардың жетекшілерінің, жеке орындаушылардың ғылыми және ғылыми-ұйымдастыру қызметтерінің есептерін тыңдайды;
- тапсырыс және келісімшарт бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген уақытша шығармашылық ұжымдардың  зерттеу нәтижелерін қарайды;
- Институттың халықаралық бірлескен қызметінің мәселелерін, шетелдік ғылыми ұйымдармен бірлесін орындалып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалу барысын талқылайды, қызметкерлердің шетелге ғылыми іссапарларының есептерін тыңдайды;
- ғылыми кадрларды дайындау мен олардың біліктілігін арттыруға арналған мәселелерді талқылайды, диссертациялық жұмыс тақырыптарын қарастырып, бекітеді және оларға қатысты кеңестер береді;
- жеке ұжымдар мен қызметкерлерлің ғылыми еңбектерінің қолжазбаларын жариялауға ұсынады, Институт басылымдарының жауапты редакторлары мен редакциялық алқасы құрамын бекітеді;
- докторлық диссертацияларды талқылап, оларды қорғауға жіберуге ұсыныс жасайды;
- бөлім, сектор меңгерушілерінің, бас, жетекші, аға және кіші ғылыми қызметкерлері лауазымдарына бос орынға жарияланған байқау нәтижелерін талқылап, белгіленген мерзімге келісімшарт жасасуға болатын кандидатураларды  Институт директорына ұсынады;
- Институттың ғылыми-аттестациялық қызметінің мәселелерін талқылап, шешімдер қабылдайды;
- аспирантураның есептерін тыңдап, бекітеді;
- ғылыми еңбектер, ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды мемлекеттік сыйлықтар мен сыйақыларға ұсынады;
- белгіленген тәртіп бойынша ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан Институт ғылыми қызметкерлерінің кандидатурасын ғылыми және құрметті атақтарға ұсынады;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарына, Ұлттық Ғылым акдемиясының мүшелігіне кандидаттар ұсынады және басқа Академиялардың мүшелігіне ұсынылған кандидаттарды қолдайды;
- Институттың жарғылық қызметіне сәйкес басқа да өз құзырындағы мәселелерді қарап, талқылайды.

IV Кеңестің жұмыс тәртібі

  1. Кеңес мүшелері Институт ұжымының жалпы жиналысында көпшілік дауыспен сайланады. Институт Кеңесінің жеке құрамы Институт Жарғысымен және оның басшысымен белгіленген 2 жылға бекітіледі. 
  2. Ғалымдар кеңесінің төрағасы Институт директоры, ал ол жоқ кезде ғылыми жұмыс бойынша Институт директорының орынбасары болып табылады.
  3. Кеңес құрамын қайта сайлау оның құрамын өзгертуді талап ететін (жұмыстан босатылу, Институттың ғылыми бағыттары мен құрылымының өзгеруі) объективті жағдайлар туындағанда жүзеге асырылады.
  4. Ғалымдар кеңесінің жанынан Институт директорының, ғылыми жұмыс бойынша орынбасары, Ұлттық Ғылым академиясының мүшелерінің немесе басқа да жетекші ғалымдардың төралығымен секциялар құрыла алады. 
  5. Кеңестің ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету жұмыстары, хаттамаларын жүргізу, оның мәжілістерін өткізуге байланысты ағымдағы мәселелерді шешу Институттың Ғалым хатшысына жүктеледі.
  6. Кеңестің жұмысы Кеңес мүшелері, бөлімше меңгерушілері мен Кеңес мүшелері болып табылмайтын жетекші ғалымдардың ұсыныстары негізінде Ғалым хатшы жасаған жобаның директор бекіткен жоспары бойынша жүргізіледі.
  7. Кеңес мәжілістері, ереже бойынша, айына 1-2 рет өткізіледі, алайда алға қойылған міндеттердің маңыздылығы мен өзектілігіне байланысты бұдан жиі өткізіле алады.
  8. Кеңес мәжіліске қатысушылардың саны жалпы тізім бойынша құрам санының 2/3 құрайтын болса, шешім қабылдауға құқылы болады.
  9. Егер мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берсе, кеңес шешімі қабылданған болып саналады. Егер Кеңес жасырын дауыс беру туралы шешім қабылдамаса, шешімдер ашық дауысқа салумен қабылданады және де, егер оның шешімімен келіспейтін Кеңес мүшелерің болса, олардың ерекше пікірлері қосымша ретінде тіркелген мәжілістің хаттамасында баяндалады.
  10. Кеңес шешімдері ұсыну сипатта болады және Институт директоры бекіткеннен кейін ғана күшіне енеді.
  11. Институт қызмекткерлері ғалым хатшының рұқсатымен өз құзырына кіретін мәселелер бойынша Кеңес шешімдерімен таныса алады.

 Ғылыми атақ беру және бос лауазымдық орындарға байқау жариялау мәселелеріне қатысты Кеңес шешімдері бұларға қатысты қолданыстағы нұсқаулықтар негізінде күшіне енеді.

 

 

Ж а с  ғ а л ы м д а р  к е ң е с і

ҚР БжҒМ ҒК А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНІҢ
КОНЦЕПЦИЯСЫ


ҚР БжҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Жас ғалымдар кеңесі үнемі жұмыс жасап тұратын алқалық кеңес ұйымы болып табылады. Кеңеске Институттың жас ғалымдары (жас мөлшері 40 жасқа дейін) кіреді. Олар Мемлкеттік жастар саясатының жүзеге асырылу шараларына белсенді қатысады және қазірігі қоғамдағы ғылыми лингвистикалық проблемалар мен жаңалықтардан хабардар болып отырады.   
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Жас ғалымдар кеңесі жас ғалымдардың кәсіби деңгейін көтеру және өзекті ғылыми проблемалар бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізу, басымдығы жоғары ғылыми мәселелерді шешу, сондай-ақ инновациялық жұмыстарды дамыту  мақсатында құрылған. Жас ғалымдар бірігіп жұмыс жасайды.  
Жас ғалымдар кеңесі директордың бұйрығы бойынша құрылып және оның құрамы бекітіледі. ЖҒК ғылыми, мәдени-қоғамдық жұмыстарын үйлестіру жағы директордың орынбасарына жүктеледі.
Жас ғалымдар кеңесі өздерінің жұмыстарында «Қазақстан – 2030» Стратегиясын»; Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2011 жылдың 18 ақпандағы ҚР «Ғылым туралы» Заңын, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауын; 2003-2015 жж. арналған Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық стратегиясын; Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Стратегиялық жоспары мен Жарғысын басшылыққа алады.  

Осы Концепцияда төмендегідей негізгі ұғымдар қолданылады:
Жас ғалым жас мөлшері 40 жасқа дейін және жоғарғы білімді болуы керек. Ғылымның әртүрлі саласында зерттеу проблемаларымен айналасуы тиіс. 
ЖҒК құрамына кіретін жас ғалымдар қазақ және әлемдік лингвистиканың өзекті заманауи проблемаларына ізденіс жұмыстарын  жүргізуде және қоғамдағы зиялылар қатарындағы әлеуметтік топ ретіндегі заңдық құқықтарын, мүдделерін қорғау мақсатында бірігіп жұмыс жасайды. ЖҒК кіретін жас ғалым Институт штатындағы қызметкер болуы керек.

ЖҒК белсенді тобы – Жас ғалымдар кеңесінің ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарын, ақпараттық, коммуникативтік, интеграциялық қызметін жүзеге асырып отыратын белгілі бір мүшелерден құралады.

Жас ғалымдар кеңесінің мақсаты мен міндеттері:  
ЖҒК негізгі мақсаты А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жас ғалымдарының ғылыми әлеуетінің мүмкіндігінше толық жүзеге асырылуына, біліктілік деңгейінің көтерілуіне және өз мүдделерін қорғауына жәрдем беру.   
Жас ғалымдар кеңесінің негізгі міндеттері:

  • өзекті ғылыми проблемаларды және басымдыққа ие болған ғылыми мәселелерді шешу үшін жас ғалымдардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру;
  • арнайы ұйымдастырылатын ғылыми шараларға қатысу арқылы жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының құндылығын арттыру;
  • жас ғалымдардың ғылыми жобаларға, гранттарға, конкурстарға, семинарларға қатысу формасын жетілдіріп, іссапарларға белсенді қатысуына қолдау көрсету;
  • басқа да ғылыми-зерттеу Институттарының, Қазақстанның ЖОО, жақын және алыс шетел ғылыми орталықтарының Жас ғалымдар кеңесімен байланыс орнату.

ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ ІС-ШАРАЛАР

  • А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жас ғалымдары ғылыми жұмыстарының құндылығын арттыруға бағытталған ғылыми шараларды жүзеге асыру;
  • А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жас ғалымдарының ғылыми жұмыстарын үйлестіру;
  • жас ғалымдардың баспана, тұрғын үй құрылысына арналған жер телімін алу сияқты әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты шараларды қолдау;
  • белсенділік танытқан жас ғалымдардың еңбектерін ЖҒК мәжілісінде атап отыру;
  • Республикалық инновациялық ұйымдармен байланыс орнату, өзара қарым-қатынас жүргізу;
  • жас ғалымдардың кәсіби біліктілігінің өсуіне, ғылыми бастамашылдығының жетілуіне және жастардың ғылыми кадр ретінде қалыптасуына көмек көрсету;
  • жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына Институт ішінде қолдау көрсету;
  • жас ғалымдарға ҚР БжҒМ, Қазақстанның ЖОО, жақын және алыс шетелдердің ғылыми орталықтары ұйымдастырып отыратын ғылыми бағдарламалар, қорлар, конференциялар, семинарлар, гранттар, стипендиялар, премиялар және басқа да шаралар туралы мәлімет беріп отыру; 
  • әртүрлі мәселелер бойынша жас ғалымдардың дөңгелек үстелін, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру;
  • жас ғалымдардың ғылыми жобаларының орындалып, оның жүзеге асырылуы үшін кеңес беру;
  • жас ғалымдардың интеграциялық зерттеулерінің орындалуына және пән аралық жобаларының жүзеге асырылуына көмек көрсету;
  • жас ғалымдар мен мамандардың зерттеулер нәтижелерін енгізуге және оның кең таралуына ықпал ету;
  • А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жас ғалымдарының ғылыми жұмыстарының тиімділігін бағалау мақсатында олардың арасында «Үздік мақала», «Үздік баяндама» номинациясы бойынша жыл сайын байқау ұйымдастыру;
  • А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жас ғалымдарының арасында ұйымдастырылатын конкурстан озып шыққан ғылыми-зерттеу жұмысты осы Институттан шығатын «Тілтаным» журналына жариялау;
  • Институт жас ғалымдарының ғылыми зерттеу жұмыстарының маңыздылығын арттыру мақсатында әртүрлі шараларды ұйымдастыру;
  • жас ғалымдардың мүддесін мемлекеттік, қоғамдық, ғылыми және басқа да ұйымдарда көрсету;
  • жас ғалымдар өзара және басқа да ЖОО мен ғылыми орталықтардың жас ғалымдарымен пікір алмасуы үшін Институт сайтында ЖҒ веб-парағына қолдау көрсету;
  • Институт сайтындағы ЖҒК арналған веб-парақты үнемі тиісті сапамен безендірілуін қамтамасыз ету.