Сайт находится в стадии разработки

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты

Тарихы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ атындағы ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ

Институттың қалыптасу тарихы өткен ғасырдың 1920  жылдарынан, яғни А.Байтұрсынұлы және оның үзеңгілестері «Қазақстанды зерттеу қоғамын» құрған кезден басталады,  қоғам сол кезде қазақ тіліндегі оқулықтарды жасауға, оқу құралдарын шет тілдерінен қазақ тіліне аударуға, сондай-ақ қазақ жазуын жетілдіруге белсене кіріскен болатын.   

1920-1921 жж. А.Байтұрсынұлы құрылған ғылыми Академиялық орталықты, сондай-ақ Ағарту комиссариатын басқарып, республиканың алғашқы білім және ғылым министрі қызметін атқарады.

1932 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы құрылды, 1934 жылы Қазақ мәдениеті  ғылыми-зерттеу институты, ал 1935 жылы қазақ тілі мен әдебиеті және халық шығармашылығы атты екі сектордан тұратын Қазақ ұлттық мәдениеті ғылыми-зерттеу институты құрылды. 1938 жылы КСРО ҒА Қазақ филиалы, 1941 жылы Тіл, әдебиет және тарих институты жасақталып, 1945 жылы оның құрамынан алдымен Тіл және әдебиет институты, 1961 жылы Қ.И.Сәтбаев пен М.О.Әуезовтің бастамасымен Тіл білімі институты бөлініп шықты.

Осылайша, жеке-жеке ұйымдарға бөліну шеңберіндегі  қазақ тіл біліміндегі мақсатты ғылыми еңбектер өткен ғасырдың басында-ақ жазыла бастаған. Бұл бағыттағы игі бастамалар белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым әрі жазушы, қазақ грамматика теориясының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлы (қазіргі ҚР БжҒМ Тіл білімі институтына ғалымның аты берілген) есімімен тығыз байланысты.    

Қазақ тілінің дүниежүзіндегі ең көне, байырғы әрі бай түркі тілдерінің бірі екенін естен шығармаған жөн. Тілде кейінгі ұрпақ үшін генетикалық код іспеттес еліміздің сан ғасырлық тарихи, этнографиялық, мәдени, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының құнды ақпараты сақталған. Ұрпақ дегенде біз қазақ этносын ғана емес, бүкіл түркі әлемін айтып отырмыз. Бұл – шамамен, 35-40 дербес мемлекетте және қазіргі мемлекеттік құрылымдарда қолданылатын жүзден аса тіл, яғни саны жағынан Еуропа Одағы елдерінің халық санына жақын. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев осы саладағы бастамаларды жалпытүркілік мемлекеттік тұрғыдан қолдау бағытындағы құрылымдар кешенін құруды бастама етіп көтерді. Ол – ТҮРКСОЙ, ТүркПА, Түрк Кеңесі және Түркі академиясы.

Жалпытүркілік тақырып – Институт қызметіндегі  маңызды бағыттардың бірі.

Тіл білімі институтының зерттеулері қазіргі заман талаптарына сай әрі толық жауап береді, жаһандану, батыстану қауіп-қатерлерінің болуы мүмкін жағымсыз салдарын рухани қауіпсіздіктің, рухани құндылықтардың құнсыздануын төмендетеді және т.б.

Институт Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында алға қойылған маңызды міндеттерді іске асыру жөніндегі мәселелерге баса назар аударады.