Сайт находится в стадии разработки

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты

Әкімшілік

Ерден Задаұлы Қажыбек — А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы

Director

Қысқаша өмірбаяны

  • 1972—77 жылдары академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқыған.
  • 1977—80 жж. — ҚазКСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының «Түркология» мамандығы бойынша аспирантурасында оқыды.
  • 1986—88 жж. — КСРО Ғылым академиясы Тіл білімі институтының докторантурасында білім алған.
  • 1980—82 жж. — ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері
  • 1982-89 жж. ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының ғылыми хатшысы.
  • 1989-92 жж. ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының Түркология және қазақ тілінің тарихы бөлімінің меңгерушісі.
  • 1992- 2005 жж. ҚР ҰҒА Шығыстану институтының директоры, «Қазақстан» Ақпараттық-талдау орталығының директоры қызметтерін атқарды.
  • 2005 ж. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессоры, ҚР БҒМ А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, «Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі» және «Қазақ тілінің морфонологиясы» ғылыми жобаларының жетекшісі.
  • 2006-2009 ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы.
  • 2009-2015 ж .Халықаралық түркітану орталығының президенті, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Вице-президенті
  • 2015-2016 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің Түркітану (ТҮРКСОЙ) кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасындағы «ТҮРКСОЙ» орталығының директоры
  • 2016 ж. күні бүгінге дейін - Қазақстан

Ғылыми еңбектері

300-ден аса ғылым еңбектері бар

  • “Түркі сөздерінің семантикасы”деген тақырыпта доктор диссиртациясын қорғады.
  • 100-ден аса ғылым еңбектері бар.
  • Семантика тюркского слова. А., 1988;
  • Глагольно-именная корреляция гомогенных корней в тюркских языках (явления синкретизма). А., 1986.
  • “Түркі тілдерінің салыстырма сөздігі” (Анкара, 1992);
  • “Қазақша-түрікше және түрікше-қазақша сөздік”(Анкара, 1993) т. б. авторы.

Қоғамдық қызметі

Қажыбековтың ұйымдастыруымен Алматы, Астана, Қарағанды, Түркістан қалаларында және шетелде туркітану мен шығыстану мәселелеріне байланысты жиырмадан астам халықаралық ғылыми конференция, дөңгелек үстөл, симпозиумдар өтті.

 

  • Халықаралық“Тюркология” (Баку), “Тюрк юрду” (Анкара) ғылыми-теориялық журналдар алқасының салыстырмапы-тарихи зерттеулер женіндегі кеңестің (Стамбұл) мүшесі
  • Ортаазиялық зерттеулер жөніндегі кеңестің (Стамбұл)
  • Орта азиялық зерттеулер жөніндегі ассоциацияның(Мадисон, АҚШ) мүшесі
  • Шығыстанушылық к-тінің (Голландия, Утрехт) мүшесі
  • “Түрк Дил Қурумының”корр.-мүшесі (Анкара).
  • “Қазақстан Түркия” достық қоғамының басқарма мүшесі, Халықаралық түркітану орталығының президенті
  • ҚР Президенті аппаратының және Министрлер Кабинетінің ғылым сарапшысы.
  • Голландық Шығыстанушылар Қоғамының (Утрехт) толық мүшесі
  • Қазақстанның Әлеуметтік ғылымдар академиясының толық мүшесі
  • «Türk Dil Kurumu» Түрік Лингвистикалық Академиясының (Анкара) толық мүшесі
  • Қытай Билингвистикалық Білім беру Ғылыми-зерттеу Академиясының (Пекин) толық мүшесі
  • Халықаралық Ресей Түркологтары Комитетінің (Мәскеу) мүшесі
  • Кипр Америка университеті басқармасының (Кипр) мүшесі
  • Қазақстан-Ливия Достық және мәдени байланыс қоғамы басқармасының президенті.
  • Халықаралық“Тюркология” (Баку), “Тюрк юрду” (Анкара) ғылыми-теориялық журналдар алқасының және салыстырмапы-тарихи зерттеулер женіндегі кеңестің (Стамбұл) мүшесі
  • ҚР Ұлттық ғылым академисы корр.-мүшесі

Марапаттары

Ғылымдағы сіңірген еңбектері үшін:

  • ҚР Ұлттық ғылым академиясының мақтау қағазы
  • медалімен марапатталған
  • Еуропа қыпшақтары «Рыцарлық ордені» (Будапешт)
  • ҚР Президенті Жарлығымен – ҚР Еңбегі сіңген қайраткер

 

Фазылжанова Анар Мұратқызы – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты

Zamdir

1974 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауданы Жансүгір кентінде туған. 1996 жылдың қарашасында ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанындағы аспирантураның күндізгі бөліміне оқуға түсті. 1999 жылы желтоқсанда аспирантураны бітіріп, 2000 жылдың мамырында З.М.Базарбаеваның ғылыми жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі қосқұрамды құрмалас сөйлем интонациясы (эксперименттік-фонетикалық зерттеу)» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша қорғап шықты. Осы жылдан бастап бүгінгі күнге дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп келеді. 1999-2002 жылдары Талантты жас ғалымдарға арналған ҚР Президентінің стипендиаты, 2007 жылы М.Әуезов атындағы талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік сыйлықтың иегері, 2008 жылы ҚР Тұңғыш Президенті қорының Ғылым мен техника саласындағы премиясының лауреаты, 2011 жылы осы қордың ғылыми зерттеулер грантының иегері атанды. Қазақ жазуын латын графикасына көшіру мәселесі бойынша (Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан) түркі елдерінің тәжірибесін зерттеу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған кешенді ғылыми экспедиция мүшесі болды.

2004 жылдан 2008 жылдар аралығында институттың ғалым хатшысы лауазымын атқарды. 2011 жылдан бастап институт директорының орынбасары қызметін атқаруда.

Қазақ тілінің сегментті, суперсегментті; синхронды және диахронды фонетикасы, тілдік жағдаят, көптілді қоғамдағы тілдік бірегейліктің лингвистикалық негіздері, қазіргі Қазақстан кеңістігіндегі үштілділіктегі мемлекеттік және басқа тілдердің рөлі, қазақ орфоэпиясы мен орфографиясының фонетка-фонологиялық негіздері мен кейбір лексикографиялық мәселелерге арналған 60 шақты ғылыми жарияланым авторы, сонымен бірге қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі ғылыми-лингвистикалық базасын құрайтын нормативтік үлкен Орфографиялық, Орофоэпиялық, Түсіндірме сөздіктердің құрастырушылары, арнайы редакторлары мен жауапты редакторларының, қазақ тілін оқыту құралдары мен мектеп оқу құралдарының авторларының бірі.


 

Қалықова Гүлжаһан Өмірханқызы – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қадр инспекторы.

Zamdir

Қалықова Гүлжаһан Өмірханқызы 1962 жылдың 16 ақпанында  Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген.
1988 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ  мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.
1980 жылдан осы уақытқа дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында директордың хатшысы, лаборант, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер болып қызмет атқарып келеді. 2011 жылға дейін аспирантура меңгерушісі, кадр бөлімінің меңгерушісі, мамандандырылған, диссертациялық кеңестің жауапты хатшысы лауазымдарын қоса атқарып келген. Қазіргі кезде Институттың ғылыми қызметкері лауазымымен қатар қадр инспекторы қызметін де қоса атқарып жүр.


 

Sekretar

Карбозова Мақпал Еркінқызы – 1986 жылдың 22-наурыз айында Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. 1988 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылына көшіп келді. 1993 жылы Жетіген ауылындағы №3 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 1-сыныбына қабылданды. 2001 жылы Іле ауданы, Өтеген батыр кентіндегі №13 М.Мақатаев атындағы қазақ орта мектептің 9-сыныбына ауысып келді. 2004 жылы мектепті жақсы аяқтап, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеттің филология факультетінің аударма ісі және мемлекеттік тілде іс жүргізу бөліміне оқуға түсті. 2008 жылы аталған университетті бакалавр дәрежесіндегі дипломмен бітірді. 03.07.2006 – 11.08.2006 жж. аралығында «Нұрбанк» АҚ (оқу-танысу еңбек тәжірибесі құжаттанушы ретінде). 17.06.2007 – 03.07.2007 жж. аралығында «Нұрбанк» АҚ (өндірістік еңбек тәжірибесі құжаттанушы және мұрағатшының көмекшісі ретінде). 12.11.2007 – 21.12.2007 жж. аралығында «Жаңа Қазақстан» оқу-әдістемелік орталығы (өндірістік еңбек тәжірибесі аудармашы ретінде). 2008 жылдың қыркүйек айында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына аға лаборант болып жұмысқа орналасты. 2010-2011 жж. институт директорының алғыс хатымен марапатталды. Қазіргі кезде хатшы-референт қызметін атқаруда.