Сайт находится в стадии разработки

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты

Тұлға

2015-12-04

Айтбаев Өмірзақ Айтбайұлы

Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев (5 сәуір, 1936 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Балтакөлде туған) — ғалым. Филология ғылымдарыың докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі. Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті. Түркістан қаласының және Отырар ауданының Құрметті азаматы.


 

Толығырақ

  • Өмірзақ Айтбайұлы 1936 жылы 5 сәірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Балтакөлде дүниеге келген.
  • 1959 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы ҚМИ)нің филология факультетін бітірген.
  • 1971 жылы «М.Горький фразеологизмдерінің қазақ тілінде берілу жолдары» деген тақырып бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Еңбек жолы

  • 1959 – 1962 жылдары Республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің əдеби қызметкері
  • 1962 -1974 жылдары Қазақ ССР ҒА Тіл Білімі институтына кіші ғылыми қызметкері
  • 1974 – 1981 жылдары аға ғылыми қызметкер;
  • 1981 – 1989 жылдары «Терминология мен аударма теориясы» бөлімінің меңгерушісі;
  • 1973 жылдан «Ғылыми терминологиялық орталықтың» директоры, (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті (бұрынғы Министрлер Советі) жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшесі жəне ғалым хатшысы;
  • 1989 жылдан Республикалық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті;
  • 2004 жылдан Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті.

Ғылыми шығармашылығы

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары: қазақ терминологиясының практикалық мəселелері. «Терминология мен аударма теориясы» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып жүрген тұста Өмірзақ Айтбайұлының басшылығымен жəне қатысуымен бірнеше ұжымдық кітаптар (Қазақ терминологиясының мəселелері. «Ғылым», Алматы, 1981; Термин жəне олардың аудармалары. «Ғылым», Алматы, 1990, 12 б.т.) баспадан жарық көрді. Академик Өмірзақ Айтбайұлы Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшесі, ғалым хатшысы ретінде де (1981–1991 жж.) 550-ден астам ғылыми еңбектің, 21 кітап пен монографиялардың авторы. “Қазақ терминологиясының жасалу көздері” (1981-1984) жəне “Қазақ əдеби терминологиялық лексикасының дамуы” (1985-1991) “Мемлекеттік тілде ғылыми терминологияны қалыптастырудың теориялық, ғылыми-əдістемелік жəне практикалық мəселелері” (1997-1999), «Терминологиялық сөздіктер, əдістемелік құралдар жасау» ғылыми-методикалық проект – (АДЖИП қаржыландырған) (2008-2013) деген күрделі ғылыми тақырыптарға ғылыми жетекшілік жасады. Ө.Айтбайұлы – ғылым мен өнерді қатар алып келе жатқан ғалым. Оның сазгерлігін танытатын бірнеше, атап айтқанда, белгілі «Жар сəлемі», «Жас ойшыл», «Ана тілі», «Тіл өнері дертпен тең», «Ақ қоян», «Өренім» тағы да көптеген əндері жұртшылыққа мəлім. Айтбаевтың ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары қазақ тілінің лексикологиясы мен терминологиясы мәселелеріне арналған. Ол 500-ге жуық мақаланың авторы.

Шығармалары

  • Аудармадағы фразеологиялық құбылыс, А., 1975;
  • Қазақ терминологиясының мәселелері, А., 1986;
  • Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы, А., 1988;
  • Терминдер және олардың аудармалары, А., 1990;
  • Қазақ сөзі, А., 1997;
  • Основы казахской терминологии, А., 2000;
  • Тіл майданы (оқулық), А., 2004;
  • Қазақ тіл білімінің мәселелері, А., 2007.

Ғылыми атақтары

  • 1992 жылы Филология ғылымдарының докторы
  • 1999 жыл профессор құрметті ғылыми атақтары берілді.
  • 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі.

Мемлекеттік марапаттары

  • 1996 жылы «Ы.Алтынсарин атындағы құрметті медалі» нің иегері;
  • 1998 жылы елбасының жарлығымен «Құрмет ордені» мен марапатталды;
  • 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;
  • 2004 жылы ҚР Білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі»;
  • 2007 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» мен марапатталды;
  • 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
  • 2013 жылы Еуропа ғылыми-өнеркəсіптік палатасының шешімімен «За высокую профессиональную деятельность и фундаментальный вклад в лингвистику» диплом мен «Алтын медалі» жəне дипломатиялық паспортымен марапатталған;
  • Түркістан қаласының және Арыс ауданы мен Отырар аудандарының Құрметті азаматы.

Басқа тараулары