Сайт находится в стадии разработки

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты

Онлайн қызметтері

2017-07-22

Тіл кемел: қазақ тілін үйренуге көмектесетін технологиялар

Жобаны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлері Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен (ХАТУ) бірлесе отырып жасады. Институт тапсырыс беруші ретінде жобаны қаржыландыру жағын да қолға алды. 

Институт қызметкерлері контентті (тақырыптар, сабақтардың реті) жасады: 100 сабақ 20 тақырыпқа бөлінген, Демек, тақырыптың әрбірі орта есеппен 5 сабаққа бөлінді. Институт ең көп кездесетін 600 танымал сөзді ұсынды, соның негізінде қазақ тілін үйренуді қызықты әрі қолайлы ететін бағдарлама жасау қажет болды. 

Оразбеков мырза ерекше жаңалық ашуды қажет деп таппағандарын, оны жасау кезінде орыс тілді пайдаланушылардың қазақ тілін үйренуі үшін Дуолинго атты белгілі қосымшаның тәжірибесіне сүйенгендерін айтты. Қосымшаны жасау процесі біршама созылып кетуінің себебі институттың жұмыс барысында сөздер базасын өзгерткенінде. Нәтижесінде қосымшаны әзірлеуге 4 ай уақыт жұмсалып, жұмыс 2016 жылдың қыркүйек айынан басталған. 

Қосымша туралы 

Қосымша пайдалануға өте қолайлы. Қазірге дейін “Тіл кемелді” Google play арқылы 2531 рет көшірген (Қазақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан және Германиядан), белсенді пайдаланушылар саны – 520. App Store арқылы қосымшаны 630 адам пайдаланған (Қазақстан, Ресей, Қытай және АҚШ-тан). 

Оқу процесі алты түрлі сабаққа құрылған: 
- Қазақ тілінен орыс тіліне сурет бойынша аудару; 
- Орыс тіліндегі сөзді қазақ тіліне сурет бойынша аудару; 
- Орыс тілінен қазақ тіліне жазбаша аудару; 
- Қазақ тіліндегі сөзді тыңдап, естігеніңді енгізу; 
- Қазақша сөзді не сөз тіркесін тыңдап, аудармасын орысша енгізу; 
- Әріптерден сөз құрау немесе тіркес/сөздерден сөйлем құрау. 

Қосымша 60 сабақтан тұрады, ұсынылған тақырыптар саны – 15. Әр сабақтан кейін пайдаланушы 5-7 жаңа сөз үйреніп, нәтижесінде қазақ тілінде 323 сөзді меңгеріп шығады. 

Пайдаланушы сабақты бірден меңгере алмаса, жаттығуды қайталай алады. Пайдаланушы барлық сұраққа дұрыс жауап бергенге дейін сабақ есепке алынбайды. 

Балаларға арналған tilkemel.kz веб-сайты туралы 

Мобильді қосымшадан бөлек, институт бастауыш сынып оқушыларына арналған веб-сайтқа тапсырыс берген. Оны ХАТУ студенттері диплом жобасы аясында жасап шықты. Команданы дизайнер Шахиза Ашенова және программистер Омарбек Дінасыл мен Сымбат Нұрбай құрады. 

Саятбек Оразбеков олардың диплом жетекшісі болды. Сайттың ерекшеліктері туралы жетекші былай дейді: “Веб-сайт, яғни tilkemel.kz 1-4-сынып оқушыларына арналған. Шахиза Ашенова психологияны арнайы оқып, дизайнға қатысты ұсыныстарын балалар педагогы ретінде ұсынды. Оның пікірінше, күлгін түс пен сарайлар ойын атмосферасын қалыптастырады, бұл балалардың қазақ тілін емін-еркін үйренуіне ықпал етеді. 

Тіркелген уақытта оқушы қай сыныпта оқитынын көрсетуі тиіс. Қосымшадағы сияқты мұнда да “Сабақтар” деген бағанда пайдаланушының оқитын сыныбына сай тақырыптар мен тапсырмалар бар. “Өз-өзіңді тексер” секциясында бала кез келген сыныптың (біріншіден төртіншіге дейін) тапсырмасын орындап, өзінің білімін тексере алады. “Менің сөздігім” бөлігінде сабақты оқыған уақытта үйренген сөздері сақталады. 

Жеке бетінде оқушы өзінің жетістігін де көре алады: онда айдаһарының қалай өсіп жатқаны графика түрінде берілген (жаңа сөздерді табысты үйренуіне қарай). Кез келген ойындағы секілді мұнда да әр дұрыс жауапқа ұпай және жұлдызша беріледі, олар айдаһардың өсуіне ықпал етеді. Тапсырмалардың түрі де мобильді қосымшадағыдай, тек бастауыш сынып оқушыларына арналған”. 

Download

Басқа тараулары