Сайт находится в стадии разработки

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты

Конференциялар мен семинарлар

2015-01-05

Семинарлар

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанында екі семинар жұмыс істейді:

1) Ғалымдар кеңесі жанынан жұмыс істейтін «Лингвистикалық жұма» атты тұрақты семинардың тарихы терең, ол қазақ тіл білімнің ғана емес, жалпы Қазақстандағы ғылыми лингвистикалық ойдың, тілтаным ғылымының дамуына қатысты өзекті мәселелерді, соның ішінде қазақстандық тілтанушылардың жеке зерттеулері мен жаңалықтарын талқыға салатын, сол арқылы жалпы тілтанымдық ойлауды, Институт қызметкерлерінің, жас мамандарының, сонымен бірге басқа да зерттеу орталықтарынан келген ізденушілердің білімдерін көтеруге бағытталған;

2) Ғылыми кеңес жанынан жұмыс істейтін «Ғылыми-өндірістік семинар» Институт ұжымының ағымдағы жылда айналысып отырған ғылыми зерттеу бағдарламаларының тапсырмалары, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысты өзішілік шаралары, әрбір тапсырманың орындаушысының жеке ізденісі, міндеттері, әдістері мен нәтижелері бойынша туындаған жекелеген өндірістік мәселелерді талқылауға, шешуге бағытталған.

Басқа тараулары